25.3 C
Шымкент
10-Сентябрь, 2025
Qazyr.kz порталы
Аймақ

Өңірдегі тұрғын үй құрылысының даму қарқыны

Құрылыс саласы – ел экономикасының басым бағыттарының бірі. Бұл бағыттың дамуы экономикалық өсімге серпін беріп, әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға ықпал етеді. 2025 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша тұрғын үй құрылысы саласында оң нәтижелерге қол жеткізілді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 27%-ға өсіп, 168 млрд теңгені құрады. Өңірде құрылыс қарқынды дамып келеді: жаңа ғимараттар мен нысандар бой көтеріп, халықты баспанамен қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. 2025 жылы Қостанай облысында тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі өткен жылғы деңгейде сақталып, 500 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Жыл басынан бері 330 мың шаршы метрге жуық баспана салынып, пайдалануға берілді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,4%-ға жоғары. Тұрғын үй құрылысы жобаларының негізгі бөлігі Қостанай қаласының үлесіне тиесілі – бұл облыста пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемінің 68,8%-ын құрайды. Қостанай ауданындағы «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарында құрылыс жұмыстары жалғасуда. Мұнда инфрақұрылым тартылып, 150-ден астам үй салу жоспарланған. Инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 8,7 млрд теңге бөлініп, «Құнай», «Береке», «Астана» және «Бәйтерек» шағын аудандарында жұмыстар жүргізілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Грант бөлудегі басымдықтар: Түркістан жастары жұмысшы мамандықтарына бағытталды

admin_qazyr

Алматылықтар жылу төлемдерін онлайн бақылай алады – Ерболат Досаев

admin_qazyr

Қала әкімі Алматының тозығы жеткен тұрғын үйлерін жаңарту барысымен танысты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz