Qazyr.kz порталы
Аймақ

Талдықорғаннан тараған талап: жедел жәрдемнің жанайқайы Тоқаевқа жетті…

Талдықорғандағы жедел жәрдем қызметкерлері айлықты көтеруді талап етіп, президент Тоқаев пен Денсаулық сақтау министріне үндеу жолдады, деп жазады Ertenmedia.

Жетісу облысындағы фельдшерлер мен скорый жүргізушілері үндеу арқылы жұмысының азабы мен жалақының аздығын айтып ашынды.

«Жедел жәрдем адам өмірін сақтап қалатын маңызды қызмет. Біз күн сайын ауыр физикалық және психологиялық қысыммен жұмыс істейміз. Бірақ еңбекақымыз осы жүктемеге мүлдем сай келмейді», – дейді қызметкерлер.

Айта кетейік, бұл соңғы екі-үш аптада медицина саласындағы айлық мәселесін көтерген осымен үшінші үндеу. Бұған дейін Теміртау мен Шу қаласының скорый мамандары дәл осы тектес үндеу жолдап, жалақы мен еңбек жағдайын қайта қарауды талап еткен.

Айлықтың ас-судан аспайтынын айтып шағымданған жұмысшы қауымның наразылығы соңғы кезде жиілеп кетті.

Бұған дейін «Қазақтелекомның» Маңғыстау филиалы қызметкерлері Бағдат Мусинмен кездесуді талап еткен. Олардың мәлім еткеніндей, қатардағы жұмысшылар мардымсыз айлықпен жан сақтап жүргенде, компанияның топ-менеджерлері үйіп-төгіп сыйақы алған.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында мемлекеттік қолдау аясында сауда инфрақұрылымын дамытуға 3,4 млрд теңге тартылды

admin_qazyr

Жетісуда Нұрғиса Тілендиевті еске алу шарасы өткізілді

admin_qazyr

Алматыда 1 мамырдан бастап субұрқақтар іске қосылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz