Qazyr.kz порталы
Қоғам

«Тіс дәрігері болғым келген»: сотталған азамат орындалмаған арманы туралы айтып берді

Есірткіге қатысты қылмыс үшін сотталған 23 жастағы азамат бостандығынан айыру орнында жүріп, жасаған қателіктері үшін өкінетінін және қылмысқа қалай келгенін баяндады. Шығыс Қазақстан облысының тумасы Семей қаласында өскен және тіс дәрігері мамандығына оқыған.

Айтуынша, адамдарға пайдасын тигізіп, көмектесуді армандаған.

— Өмірімді есірткімен байланыстырдым. Шамамен екі жылдай қолдандым — менің қазіргі жағдайыма осы себеп болды. Ұстау кезінде менің жанымнан есірткі табылды, — дейді жас жігіт.

Ол өзінің жолын ешкімге тілемейтінін айтып, есірткімен байланысты адамдардан алшақ жүруге кеңес береді. Айтуынша, бәрінің соңы жақсы аяқталмайтынын ерте ме, кеш пе түсінген.

— Есірткіге тәуелді болу — әркімнің жеке таңдауы. Қоршаған орта емес, мінез себеп. Ешкімді тыңдамадым, бәрін өзім білемін деп ойладым, өзімді бәрінен ақылды санадым. Қазір менің курстастарым диплом алып жатыр, ал мен олардың қатарында емеспін — бұл өте ауыр, — деп бөлісті ол.

Сотталған азамат жастық шақтың көп қуанышын ойланбай жасаған әрекеттері мен азғырудың кесірінен жоғалтқанын мойындайды.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Заң мен тәртіп»: Қазақстанда есірткі мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жаңа саясат әзірленеді

admin_qazyr

Павлодар – Астана бағытындағы «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің үшінші маусымы өз мәресіне жетті

redaktor_qazyr

ШҚО-да баспанаға мұқтаж азаматтарды тіркеудің жаңа жүйесіне көшу мәселесі талқыланды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz