Qazyr.kz порталы
Қоғам

«Тіс дәрігері болғым келген»: сотталған азамат орындалмаған арманы туралы айтып берді

Есірткіге қатысты қылмыс үшін сотталған 23 жастағы азамат бостандығынан айыру орнында жүріп, жасаған қателіктері үшін өкінетінін және қылмысқа қалай келгенін баяндады. Шығыс Қазақстан облысының тумасы Семей қаласында өскен және тіс дәрігері мамандығына оқыған.

Айтуынша, адамдарға пайдасын тигізіп, көмектесуді армандаған.

— Өмірімді есірткімен байланыстырдым. Шамамен екі жылдай қолдандым — менің қазіргі жағдайыма осы себеп болды. Ұстау кезінде менің жанымнан есірткі табылды, — дейді жас жігіт.

Ол өзінің жолын ешкімге тілемейтінін айтып, есірткімен байланысты адамдардан алшақ жүруге кеңес береді. Айтуынша, бәрінің соңы жақсы аяқталмайтынын ерте ме, кеш пе түсінген.

— Есірткіге тәуелді болу — әркімнің жеке таңдауы. Қоршаған орта емес, мінез себеп. Ешкімді тыңдамадым, бәрін өзім білемін деп ойладым, өзімді бәрінен ақылды санадым. Қазір менің курстастарым диплом алып жатыр, ал мен олардың қатарында емеспін — бұл өте ауыр, — деп бөлісті ол.

Сотталған азамат жастық шақтың көп қуанышын ойланбай жасаған әрекеттері мен азғырудың кесірінен жоғалтқанын мойындайды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Жастарға бата беру

redaktor_qazyr

«Төрт әйелі мен зәулім үйі бар»Әлеуметтік желіде жалған ақпарат таратқан ер адамға айыппұл салынды

redaktor_qazyr

19 шілдеде Қазақстанда телеарналар мен радиостанциялар хабар таратуын уақытша тоқтатады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz