Qazyr.kz порталы
Аймақ

Қостанайда дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды

Қостанай облысында дәстүрлі халықаралық марафон-бәйге «Ұлы дала жорығы» басталды. Биылғы дода Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы мен Міржақып Дулатовтың 140 жылдығына арналды.

Жорықтың мақсаты — еліміздің рухани мұрасын сақтау, қазақстандық патриотизмді нығайту және ұлттық спорт түрлерін насихаттау.

Марафон бағыты Торғай ауылынан басталып, Арқалық қаласында мәреге жетеді. Сайысқа қатысушылар күніне 100 шақырымнан жүріп өтіп, бес күн ішінде жалпы 500 шақырымды еңсереді.

Бұл айтулы шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы делегациясын ҚР ҚХА Төрағасының орынбасары Р.С. Ахметов бастап барды. Ассамблея халықаралық марафон-бәйгеге «Бірлік» деп аталатын команданы қосты. Оның құрамына түрлі этнос өкілдері енген.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда қоқыс шығаруға арналған 50 жаңа машина берілді

admin_qazyr

Жамбыл облысында металлургия комбинаты салынады

admin_qazyr

Алматы қауіпсіздігі: Өрттің азаюы артында қатаң бақылау тұр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz