Qazyr.kz порталы
Аймақ

Алматыда жаңа су қоймалары мен инженерлік желілер құрылысы қарқынды жүріп жатыр

Алматыда инженерлік инфрақұрылымды жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қала әкімінің орынбасары Алмасхан Сматлаев хабарлады.

Оның айтуынша, қалада жаңа су қоймаларының құрылысы қолға алынған. Қазіргі уақытта «Ақсай» және «Ерменсай» су қоймалары салынуда, ал «Барлық» жобасы әзірленуде. Бұл нысандар іске қосылған соң 245 мыңнан астам тұрғын сапалы ауызсумен қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, ұзындығы 34,9 шақырымды құрайтын Батыс коллекторының құрылысы аяқталуға жақын. Жоба іске қосылғаннан кейін Алатау және Наурызбай аудандарының 150 мың тұрғыны орталықтандырылған канализация жүйесін пайдалана алады.

Жылумен қамтуда да жұмыстар атқарылуда: биыл 37 шақырым жылу құбырлары жаңартылып, 17 коммуналдық қазандық қайта жаңғыртылуда. Бұған қоса, электр және газ желілері жаңартылып, жекеменшік нысандар коммуналдық кәсіпорындардың балансына берілуде.

Қаланың жарықтандыру жүйесі де назардан тыс қалған жоқ. Жыл басынан бері 20 мыңнан астам жаңа шам орнатылып, қала көшелерінің жарықтандырылу деңгейі екі есеге артты.

«Барлық жұмыстар кезең-кезеңімен және қатаң бақылауда жүргізілуде. Басты мақсат – алматылықтарды заманауи, қолжетімді әрі тұрақты коммуналдық қызметтермен қамтамасыз ету», – деді Алмасхан Сматлаев.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы қаласының экономикалық серпіні: инфрақұрылым, инвестиция және туризм дамуындағы жетістіктер

admin_qazyr

Астанада интеллектуалды дрондар патрульдеуді жаңа деңгейге шығарады

admin_qazyr

Алматыда жаңа оқу жылына 4 мың орындық екі мектеп ашылады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz