Qazyr.kz порталы
Қазір

Төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлер қысқы кезеңге дайындық үстінде

«Төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлікті дамыту» жобасы аясында Астанада қыс мезгіліндегі төтенше жағдайларға дайындықты тексеруге арналған «Қыс–2025» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті деп хабарлайды Qazyr.kz

Іс-шараға «Волонтёры Астаны LIDER.KZ» қоғамдық бірлестігінің волонтерлері қатысты. Олар өз қызметін Ұлттық волонтерлік желі аясындағы шағын грант шеңберінде жүзеге асырады.

Жаттығу барысында волонтерлер кәсіби құтқарушылармен бірлесіп, қыс мезгіліндегі төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимыл алгоритмдерін пысықтап, халыққа көмек көрсету және коммуналдық әрі жедел қызметтермен өзара байланыс тәсілдерін меңгерді. Іс-шараның практикалық бөлігі Индустриялық парк аумағында өтіп, қатысушылар алған білімдерін нақты жағдайларда қолданды.

Волонтерлер мен сала мамандарының төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы ынтымақтастығы қарқынды дамып келеді. Мұндай өзара байланыс азаматтық жауапкершілік мәдениетін нығайтып, қоғамның төзімін арттыруға және қоғамдық қауіпсіздіктің тиімді жүйесін қалыптастыруға ықпал етеді. Осы саладағы волонтерлер адал қызметі мен жауапкершілігі арқылы мемлекет үшін сенімді серіктеске айналды.

Ұқсас жаңалықтар

«E-Joldar» бірыңғай цифрлық платформасы еліміздің жолдарын онлайн қадағалайтын болады

admin_qazyr

Кәсіпкерлікті дамыту – экономикалық тұрақтылық пен жұмыспен қамтудың негізі

admin_qazyr

Үкімет Ұлттық банкпен және Қаржы нарығын реттеу агенттігімен бірлесіп, Президент тапсырмаларын орындаудың үш жылдық бағдарламасын әзірледі

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz