Qazyr.kz порталы
Аймақ

БҚО-да өндіріс пен ауыл шаруашылығы жаңа деңгейге көтерілуде

Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Премьер-министр Олжас Бектенов өңірдің индустриялық және әлеуметтік даму барысымен танысты. Үкімет басшысы Орал қаласындағы QazExpoCentre-Pipe және «Кублей» кәсіпорындарында болып, өндіріс пен қайта өңдеу саласында енгізіліп жатқан инновациялық және цифрлық технологияларды көрді деп хабарлайды Qazyr.kz

БҚО әкімдігінің дерегінше, биылғы тоғыз айда өңірдің өнеркәсіп өнімінің көлемі 4,7%-ға артқан, ал өңдеу өнеркәсібінде өсім 20,8%-ды құрады. QazExpoCentre-Pipe зауыты жылына 40 мың тонна құбыр шығарып, өнімдерін ел ішіне және шетел нарығына экспорттап отыр. Мұнда өндіріс толық цифрландырылып, өнімдерге QR-код пен радиожиілік сәйкестендіру жүйесі енгізілуде.

Инвестициялық бағытта да өңір айтарлықтай нәтижеге қол жеткізген. 2025 жылдың алғашқы жартысында БҚО-ға тартылған тікелей шетелдік инвестиция көлемі $1,1 млрд болып, республика бойынша үшінші орынға шыққан. Алдағы бес жылда 73 жаңа инвестициялық жобаны іске асыру арқылы 10 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.

«Кублей» компаниясы бүгінде елдегі консерві өнімдерінің 65%-ын өндіреді. Мұнда 700-ден астам адам жұмыс істейді, өнімдері Қытай, Түркия, БАӘ, Ресей және басқа елдерге экспортталады. Алдағы уақытта кәсіпорын 20 мың басқа арналған мал бордақылау алаңын салып, шикізат базасын күшейтуді жоспарлап отыр.

Ауыл шаруашылығы саласында да тұрақты өсім бар: биылғы жылдың үшінші тоқсанында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 6%-ға өскен. БҚО ет бағытындағы ірі қара мал саны бойынша елімізде бірінші орында.

Сонымен қатар Премьер-министр «Жайық арена» спорт кешенін аралап, өңірде спорт инфрақұрылымын дамыту және Qadam.AI атты цифрлық спорт экожүйесін енгізу жобасымен танысты. Бұл бастама спорт саласындағы басқару ашықтығын арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Алматының Медеу ауданында 2025 жылы 3,5 мың жаңа оқушы орны пайда болады

admin_qazyr

Панфилов ауданында соңғы екі жылда денсаулық сақтау саласында 21 нысан салынып, жөнделді

admin_qazyr

Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту: Арнаулы мемлекеттік қордан Шығыс Қазақстан облысында дәрігерлік амбулатория салуға қаражат бөлінді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz