Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірСаясат

Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке мемлекеттік сапармен барды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевтің шақыруымен мемлекеттік сапармен Ташкентке барды.

“Восточный” әуежайында жоғары мәртебелі мейманды қарсы алу рәсімі салтанатты түрде ұйымдастырылды. Құрмет қарауылының сап түзеп тұруы екі ел арасындағы достық пен стратегиялық серіктестіктің жоғары деңгейін айқындады.

Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев өзі қарсы алып, ресми қарсы алу рәсімі өтті. Салтанатты шарада Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік гимндары орындалып, құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Рәсім соңында екі ел көшбасшылары ресми делегация мүшелерін бір-біріне таныстырды.

Бағдарламаға сәйкес ертең мемлекет басшылары екіжақты келіссөздер өткізеді. Сонымен қатар олардың төрағалығымен Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы Жоғары мемлекеттік кеңестің Екінші отырысы өтеді деп жоспарланған.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда А гепатитімен сырқаттанушылар саны артты

redaktor_qazyr

Әртараптандырылған өсім: Қазақстан экономикасы жаңа сапаға көше бастады

admin_qazyr

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz