Qazyr.kz порталы
Қазір

Заң талаптарын орындамаған кәсіпкерлер электрондық плафтормаларда сауда жасай алмайды

Цифрландырудың дамуына байланысты электрондық сауда саласына ерекше назар аудару қажет. Осы сегменттегі тұтынушылардың шағымдарының саны 2022 жыл мен 2024 жыл аралығында 5,5 есе, 2,5 мыңнан 14,5 мыңға дейін өсті. Ағымдағы жылдың 10 айында 15 мыңнан астам өтініш келіп түсті. Цифрлық сауданың дамуы жағдайында тұтынушылардың шағымдарының өсуі жалғаса береді деген болжам бар. Бұл жайында ҚР Сауда және интеграция министрлігі Тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінің төрағасы Болат Таңабергенов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.

«Өздеріңіз білетіндей, қолданыстағы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заң аясында офлайн сатушыға қойылатын талаптар онлайн сатушыларға да қолданылады. Дегенмен бұл талаптарды, әсіресе, электрондық сауда алаңдарында сауда жасайтын сатушылар әрдайым орындай бермейді. Сондықтан заң жобасында электрондық сауда алаңдарының иелерін кәсіпкерлермен тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнама талаптарын сақтау жөнінде шарттар жасасуға міндеттеу ұсынылды. Орындамау жосықсыз сатушы үшін тиісті жауапкершілікті ғана емес, сонымен қатар электрондық платформада сауда жасау мүмкіндігін жоғалтуға да әкеледі», – деді Комитет төрағасы.

Шағымдардың негізгі бөлігі әлеуметтік желілер арқылы саудаға қатысты жасалған. Бұл ретте, сатушы туралы ақпараттың болмауына байланысты уәкілетті органға тиісті шараларды қабылдау қиындық туғызады.

Осыған байланысты тұтынушыларға онлайн режимінде сатып алу кезінде мұқият болуды, өнімнің сипаттамаларын зерттеуді, сатушы туралы толық ақпаратты, пікірлерді, сатушыдан фискалдық түбіртектерді талап ету ұсынылады. Көрсетілген деректер тұтынушының құқықтары бұзылған кезде мемлекеттік органдар үшін әрекет ету және бақылау шараларын қабылдау үшін қажет болады.

Ұқсас жаңалықтар

Қамаудағы тәуелсіз журналист Думан Мұхамедкәрімнің сотына бара жатырған блогерді қамауға алды

Redaktor Site

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады

admin_qazyr

«Мектепке жұмысқа орналастырамын деп 1 млн теңге алған» Түркістанда таныстарын алдаған әйелдің үстінен қылмыстық іс қозғалды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz