Qazyr.kz порталы
Аймақ

Алматыда Өңірлік штаб отырысында инвестициялық жобалар қаралды

Алматыда қала әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен Өңірлік инвестициялық штаб отырысында көлік, энергетика, өнеркәсіп және инновация салаларындағы қолданыстағы әрі келешектегі инвестициялық жобалар жан-жақты талқыланды деп хабарлайды Qazyr.kz

Жиын барысында ГТС-2 жүк терминалын дамыту, жылу электр станциясын салу, автобус паркін жаңғырту және зарядтау инфрақұрылымын жүйелі түрде дамыту жайы талқыланды. Бұған қоса, газ толтыру станцияларын құруға қатысты жобалар да қаралды.

Өнеркәсіптік бағытта жаңа буындағы темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт салу және автокөлік орындықтарын өндіру көлемін арттыруға арналған жобалар ұсынылды.

Сайран маңында инновациялық қалалық СЭС пен жасанды интеллект музейін құру жөніндегі бастама таныстырылды. Бұл жоба энергетика, заманауи технология мен білім беру салаларын тоғыстырып, болашақта қалаға серпін беретін орталық ретінде сипатталды.

Отырыс қорытындысы бойынша қала әкімі тиісті басқармаларға аталған жобаларды одан әрі қолдап, әрбірін тиянақты түрде пысықтауды тапсырды. Инвестициялық штаб тұрақты жұмыс істеп, қолға алынған бастамалардың орындалуына бақылау күшейтіледі.

Ұқсас жаңалықтар

WorldSkills Almaty-2025 X аймақтық чемпионатының жеңімпаздары анықталды

admin_qazyr

Жетісуда «Kazakhstan: Ethno-Inclusive Dialogue» этнокөрмесі өтті

admin_qazyr

Алматы әкімі сумен қамту нысандарымен танысты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz