Qazyr.kz порталы
Аймақ

Жетісуда «Таза Қазақстан — біздің болашағымыз» акциясы өткізілді

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында ерекше форматтағы «Таза Қазақстан — біздің болашағымыз» атты акция өткізілді деп хабарлайды Qazyr.kz.

Бұл шарада ұйымдастырушылар Талдықорған қаласы көшелерін тазалайтын жандарға ризашылық білдіріп, оларға ыстық шай ұсынып, санитарлық тазалық жұмыстарына көмектесті.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шараға 50 адам қатысты.

— Бұл акция – тек тазалық шарасы емес, экологиялық мәдениетті көтеруге, тұрғындарды ортақ жауапкершілікке шақыруға бағытталған әлеуметтік бастама. Табиғатты қорғау әр адамның күнделікті әдетіне айналуы керек, ал тазалық – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз. Әрбір жинаған қоқыс, әрбір тазаланған көше бөлігі қоғамның бірлігі мен өзара қолдауының көрінісі болып, — деді «Жетісу жастары» КММ директоры Шәміл Ванкеев.

«TAZA ECO» студенттер клубының мүшесі Ақерке Досымханқызы өз ойымен бөлісті: «Таза Қазақстан — біздің болашағымыз» акциясы жастардың белсенділігін арттырып, табиғатқа жанашырлықты насихаттайтын жылы әрі ашық атмосферада өтті. Акция барысында жастар тек қоқыс жинаумен шектелмей, адамдардың еңбегін бағалауды, бір-біріне қамқорлық көрсетуді, қоғамдағы әр адамның үлесін түсінуді үйренді. Мұндай тәжірибе жастарды қоғамдағы әлеуметтік жауапкершілікке шақырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жол ашады. Әрбір тазаланған көше, әрбір кішкентай қадам қоғамның тазалығын сақтау үшін маңызды, — деді ол.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Республика күніне орай төрт жаңа мектеп ашылды

admin_qazyr

Жетісу облысы: Текелідегі көптен бері көтерілген мәселелер шешімін тапты

admin_qazyr

Арнайы бақылау штабы құрылады: Метро құрылысы жеделдей түспек

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz