Qazyr.kz порталы
экономика

«Даму» қоры: жыл соңына дейін кәсіпкерлерге барлық субсидия төленеді

Осы жылға қарастырылған субсидиялық қаржыны мемлекет толық көлемде бөлді және ол алдағы күндері кәсіпкерлерге жіберіледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қор қажетті қаражатты алып, барлық бекітілген жобаға төлемдерді бастаған.

«Субсидия бойынша бұрын пайда болған барлық берешек алдағы күндері өтеледі», — деді спикер.

Қордың хабарлауынша, қолданыстағы шарттар бойынша одан әрі қаржыландыру кідіріссіз жүзеге асырылады. Жұмыс штаттық режимде жүргізіліп жатыр, барлық кәсіпкер жыл соңына дейін өз төлемдерін толық көлемде алады.

Ұқсас жаңалықтар

Олжас Бектенов: Бір апта ішінде ет өндірісі мен экспорт көлемін арттыру шаралары әзірленсін

admin_qazyr

Бидайдан биотехнологияға дейін: Қазақстан астық өңдеуде жаңа дәуірге қадам басты

admin_qazyr

Ұлттық банк теңге бағамын ұстап тұру үшін 125 млн доллар жұмсады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz