Qazyr.kz порталы
экономика

«Даму» қоры: жыл соңына дейін кәсіпкерлерге барлық субсидия төленеді

Осы жылға қарастырылған субсидиялық қаржыны мемлекет толық көлемде бөлді және ол алдағы күндері кәсіпкерлерге жіберіледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұлов мәлімдеді.

Оның айтуынша, Қор қажетті қаражатты алып, барлық бекітілген жобаға төлемдерді бастаған.

«Субсидия бойынша бұрын пайда болған барлық берешек алдағы күндері өтеледі», — деді спикер.

Қордың хабарлауынша, қолданыстағы шарттар бойынша одан әрі қаржыландыру кідіріссіз жүзеге асырылады. Жұмыс штаттық режимде жүргізіліп жатыр, барлық кәсіпкер жыл соңына дейін өз төлемдерін толық көлемде алады.

Ұқсас жаңалықтар

Үкімет Президенттің тапсырмалары шеңберінде отандық бизнесті қолдауды кеңейтуде

admin_qazyr

Үкіметте Қазақстан мен Аустрия арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды

admin_qazyr

Биыл Батыс Қазақстан облысының экономикасына 567 млрд теңге инвестиция тартылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz