Qazyr.kz порталы
Аймақ

Алматыда коронавируспен ауырғандар былтырғыдан 20% азайды

2025 жылдың  желтоқсан айының басында Алматыдағы коронавирус инфекциясына қатысты эпидемиологиялық жағдай қанағаттанарлық деп бағаланды: науқастар саны өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 19%-ға азайып, вирустың таралымы төмен болып қалып отыр. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова осылай деп мәлімдеді. Дәрігерлер халықтың дәрігерлерге жүгінуі азайғанын айтады, алайда аурудың алдын алу мен вакциналау әлі де маңызды іс-шара болып қала бермек.

Жыл басынан бері қаладағы зертханаларда 314 коронавирус инфекциясы тіркелген. Аурушаңдық көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 13,6 болды, былтыр бұл көрсеткіш 16,8 деңгейінде болып, 374 науқас анықталған болатын. Биыл тіркелгендері дәрігерге өз бетімен келіп қаралған кезде анықталған, олардың барлығы дер кезінде медициналық көмек алыпты.

Науқастардың басым бөлігі – шамамен 70%-ы – 14 жасқа дейінгі балалар. Екінші тобы 60 жастан асқан адамдар, олар 18,8% болып қалады.

Ауруы анықталған науқастардың құрылымына қарағанда, олардың көпшілігі мектепке дейінгі жастағы балалар (63,4%). Одан кейінгі орында – зейнеткерлер (16,6%), жұмыссыздар (5,7%), түрлі ұйымдар мен ЖШС қызметкерлері (2,6%), сондай-ақ мектеп оқушылары (3,2%) тұр. Балалар көп қозғалады, көп жүреді, індеттің әр маусымда асқынатыны тағы бар. Сарапшылар мұны осындай жағдаймен байланыстырып отыр.

Дәрігерлер коронавирустың алдын алу да тұмау мен ЖРВИ-ден қорғануға ұқсас екенін еске салады. Аурудың асқыну қаупін едәуір төмендететін негізгі қорғаныс тәсілі – вакцинация. Сондай-ақ тұрғындар адам көп жиналатын жерде маска тағып, науқастармен байланыстан аулақ болып, үй-жайды жиі желдетіп отыруы керектігі айтылды. Қолды жиі жуып, антисептик қолданып, тазалыққа қатты мән беру де дерттің асқынуын аз да болса тежейді.

Аурудың белгілері – дене қызуының көтерілуі, жөтел, тамақтың ауыруы немесе тыныс алудың қиындай бастаса дәрігерлер маска тағып, дереу дәрігерге қаралу керектігін айтады. Бұл асқынудың алдын алып, инфекцияны таратпауға сеп болады.

Мамандар эпидемиологиялық жағдай тұрақты болғанына қарамастан, қыс мезгілінде денсаулыққа мұқият қарап, уақытылы ем-дом алып отыру негізгі қорғаныс факторлары болып қала беретінін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Павлодар облысында мектептерді жаңғыртуға 8 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді

admin_qazyr

Батыс Қазақстан облысы инвестициялар бойынша үштікке кірді

admin_qazyr

Алматыда Әуезов ауданында 13 көшенің жолы жөнделеді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz