Qazyr.kz порталы
Аймақ

Алматыда 570 мыңнан астам жасты қамтыған 500-ден аса экологиялық іс-шара өткізілді

Алматыда жыл басынан бері 570 мыңнан астам жастың басын қосқан 500-ден аса экологиялық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл туралы қаланың Жастар саясаты басқармасының өкілдері хабарлады.

30 маусым мен 30 қыркүйек аралығында барлық ауданда көшпелі «EcoQala Fest» фестивалі өтіп, оған 6 мыңнан астам жас қатысты. Ал #ТазаSnap, #EcoSortChallenge және #EcoStyleDay атты онлайн челленджге 7 мыңнан астам адам қосылды.

Жастар жаңа форматтағы жобаларға белсенді қатысқан: «Jastar Talks» атты тақырыптық подкастқа 500 ерікті атсалысса, «EcoБақылау» рейдтері барысында санитарлық норманы бұзған 800-ден аса жағдай мен 45 рұқсатсыз қоқыс орны анықталды. Сондай-ақ, 28 ірі сенбілік пен 100-ге жуық арнайы экологиялық акция ұйымдастырылды.

«Таза Қазақстан» акциясы аясында студенттер, белсенділер мен комьюнити орталықтардың резиденттері пластик қалдық жинап, арт-нысандар жасап, 14 мыңнан астам пластик қақпақтан орындықтар жасады. Сонымен қатар жас суретшілер арасында экология тақырыбында байқаулар, экологтармен кездесулер, ЖОО-да дәрістер, пікірталастар мен челленджтер өтіп, 12 мыңнан астам жасты қамтыды.

Атқарылған жұмыстар нәтижесінде 120 гектардан астам жер тазартылып, 200 тоннадан аса қоқыс жиналды. Бұл игі бастама қаланың санитарлық жағдайын жақсартып, жастар арасында экологиялық мәдениеттің дамуына ықпал етті.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовты қабылдады

admin_qazyr

Алматыда цифрландыру мен жасанды интеллект бойынша кеңес өтті

admin_qazyr

Алматы тауларында 20 жастағы жігіт жоғалып кетті: құтқарушылар іздестіруді жалғастырып жатыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz