Qazyr.kz порталы
Аймақ

Алматыда көше жуу маусымы аяқталып, қар мен көктайғаққа қарсы дайындық басталды

Алматыда суару-жуу маусымы аяқталды. Бұл шешім түнгі уақыттағы тұрақты суық пен минус температураның орнауына байланысты қабылданған. Бұл туралы Алматы қаласының Коммуналдық инфрақұрылым және тұрғын үй инспекциясы басқармасының өкілдері хабарлады.

Қыстың басталуымен коммуналдық техника маусымдық режимге бейімделіп, қайта жарақтандырылады. Арнайы машиналарға құм-тұз қоспасын себетін қондырғылар, қар тазалайтын соқалы-щеткалы жабдық және жол мен тротуарды қар мен көктайғақтан тазартуға қажетті өзге де құрал-жабдықтар орнатылады.

Әкімдіктің коммуналдық қызметі күшейтілген дайындық тәртібіне көшіп, көлік қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолда көліктің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету және қала тұрғындарының қыста емін-еркін жүруіне жағдай жасау бағытындағы жұмыстарын жандандырады.

Қар тазалау жұмыстарына 17 мердігер ұйым, мыңға жуық арнайы техника және 2710 жұмысшы жұмылдырылмақ. Дайындық барысында мердігерлер техникаға техникалық тексеріс пен жөндеу жүргізді, 25 өндірістік база мен 23 құм қоймасын әзірледі, қызметкерлерге арналған ғимараттарды жаңғыртып, қажетті материалдар мен құрал-жабдықтарды сатып алды. Қар үйінділерін уақытша жинауға орындар да белгіленді.

Ұқсас жаңалықтар

Нашақорлыққа қарсы күрестегі жаңа серпін: Алматыдағы «НаркоСтоп» жобасының нәтижелері

admin_qazyr

Алматыда ерекше қажеттілігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру жобасы іске қосылады

admin_qazyr

Ақтөбе облысында ауылдық елді мекендерді газдандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz