Qazyr.kz порталы
Қазірэкономика

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Бақытжан Сағынтаевты қабылдады

Кездесуде Еуразиялық экономикалық одақтың қазіргі жай-күйі мен одан әрі даму перспективасы талқыланды.

Әңгімелесу кезінде Қазақстан Республикасының 2026 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа төрағалығы аясында атқаратын жұмыстарының басымдықтарына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл 21 желтоқсанда Санкт-Петербург қаласында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына дайындық барысы туралы ақпарат берілді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда электр энергиясының бағасы 20%-ға қымбаттады

redaktor_qazyr

Қазақ әдебиетінің асыл мұрасын зерттеген көрнекті тұлға Мекемтас Мырзахметұлы өмірден өтті

redaktor_qazyr

Мемлекет басшысы Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровты қабылдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz