Qazyr.kz порталы
Аймақэкономика

Батыс Қазақстан облысы мен Оңтүстік Корея стратегиялық серіктестікті нығайтуда

Бүгін облыс әкімі Нариман Төреғалиев кореялық инвесторлармен кездесті. Жиын барысында өңір аумағында тұрмыстық қалдықтарды жағу және сұрыптау зауыттарын салу мәселелері талқыланды деп хабарлайды Qazyr.kz
Бұл басқосу облыс басшысының Корея Республикасына барған қызметтік сапары аясында орнатылған ынтымақтастықтың жалғасы екенін атап өткен жөн.
Жасалған іссапар барысында тараптар серіктестік орнытып, заманауи қалдықтарды өртеу және қайта өңдеу технологияларын қолдана отырып, қалдықтарды кәдеге жарату жобаларын бірлесіп іске асыру  жөнінегі меморандумға қол қойған болатын. Бүгінгі кездесу ортақ мүдде мәселелерін жан-жақты қарауға және оларды әрі қарай жүзеге асыру жолдарын нақтылауға мүмкіндік берді.
«Бұл жобаларды іске асыру тек қана екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға ғана емес, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға және қалдықтарды өңдеу саласында заманауи технологияларды енгізуге де септігін тигізеді. Бірлескен бастамамыздың табысты болуы үшін біз өз тарапымыздан қажетті қолдауды көрсетуге дайынбыз», – деп атап өтті өңір басшысы.
Тараптар жобаны іске асыру кезеңдерін, дайындық және құрылыс жұмыстарының мерзімдерін нақтылай отырып, ынтымақтастықты жалғастыруға келісті.
Аталған бастаманы жүзеге асыру өңірдің тұрмыстық қалдықтарды басқару жүйесін жаңғырту және осы салаға озық технологияларды енгізу бойынша стратегиялық жоспарының бір бөлігін құрайды.
Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың қараша айының аяғында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бастаған делегация Корея Республикасына жұмыс сапарымен барып, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған түрлі салалардағы бірқатар меморандударға қол қойған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

«Заң және тәртіп» қағидаты аясында дау-дамайды бейбіт жолмен шешуді үйренеміз

admin_qazyr

Алматыда 8 наурыз қалай тойланады: концерттер, көрмелер және спектакльдер

admin_qazyr

Қазақстанда жылдық қуаты 1 млн тонна жүгері өңдеу зауыты салынуда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz