Qazyr.kz порталы
Қазір

Белгілі суретші Алпысбай Қазғұлов Бакудегі елшілікте өз таңдауын жасады

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, танымал қылқалам шебері Алпысбай Қазғұлов бүгін Әзербайжан астанасы Баку қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Елшілігінде жаңа Конституция жобасына қатысты республикалық референдумда дауыс берді, деп жазады Qazyr.kz.

Қылқалам шебері шетелде жүрсе де, ел болашағына қатысты маңызды саяси науқаннан тыс қалмауды азаматтық парыз санап, өз таңдауын жасады.

— Қазір шетелдемін, бірақ осындай маңызды тарихи оқиғаға қатыспауға болмайды деп ойлаймын. Сондықтан Бакудегі Қазақстан елшілігінде ұйымдастырылған дауыс беру учаскесіне келіп, еліміздің болашағы үшін таңдауымды жасадым. Әрбір азамат осындай тарихи сәттерде белсенділік танытып, мемлекетіміздің дамуына үлес қосуы қажет деп білемін, — деді суретші.

Айта кету керек, Алпысбай Қазғұлов екі күн бұрын Баку қаласында өткен арнайы іс-шара барысында Түркі әлемі көркемөнер академиясының академигі атағына ие болған еді.

Қазіргі таңда әлемнің әр түкпірінде жүрген қазақстандықтар Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктері жанынан ашылған учаскелерде дауыс беруде. Бұл – Қазақстан азаматтарының ел тағдырына бейжай қарамайтынын көрсетеді.

Ұқсас жаңалықтар

Сарыағаш ауданында 4 жасар баланың денесі өзеннен табылды

redaktor_qazyr

Жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық іске қосылды

admin_qazyr

Ұлттық ұлан сарбаздары Конституцияға қолдау білдірді

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz