Qazyr.kz порталы
Қазір

Алматы тұрғындары референдумда көршілік татулықтың жарқын үлгісін көрсетті

Бүгін Алматы қаласының Наурызбай ауданына қарасты Таужолы шағынауданының тұрғындары республикалық референдумға ерекше ұйымшылдықпен қатысты. Олар дауыс беру учаскесіне алдын ала өзара келісе отырып, көршілерімен бірге келіп, азаматтық таңдауларын жасады.

Тұрғындардың айтуынша, маңызды саяси оқиғалар кезінде көршілердің бір-бірімен ақылдасып, бірлесіп шешім қабылдауы елдегі қоғамдық бірлікті, татулық пен сыйластықты арттырады.

«Біз бүгін референдумға көршілерімізбен бірге келіп, еліміздің болашағына қатысты өз таңдауымызды жасадық. Осындай маңызды оқиғаларға бірлесіп қатысу арқылы көршілік қарым-қатынасымыз да нығая түседі деп ойлаймыз. Елдің болашағы – бәрімізге ортақ, сондықтан әр азамат өз дауысын беруге жауапкершілікпен қарауы тиіс», – дейді Таужолы шағынауданының тұрғындары.

Көршілердің осындай бірлесіп дауыс беруі учаскедегі басқа сайлаушылардың да назарын аударып, көпшіліктің көңіл-күйін көтерді.

Тұрғындардың мұндай бастамасы азаматтардың өзара сыйластығын нығайтып, қоғамдағы ауызбіршілікке үлес қосып, белсенді азаматтық ұстанымды көрсетудің жарқын үлгісі болды.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекеттік басқару ісі: дарынды жастар ел дамуының жаңа генерациясы

admin_qazyr

АҚШ-тың бұрынғы президенті Трампқа қастандық жасалды

redaktor_qazyr

Таразда анасын шәйнекпен ұрып,басын жарған қызға 10 күн бойы көше тазалау жазасы берілді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz