Qazyr.kz порталы
Жаңалықтар

Ұшақта Wi-Fi: Қазақстан әуе компаниялары жаңа қызметке дайындалып жатыр

Қазақстандық әуе компанияларының ұшақтарында интернет қолжетімділігі жақын уақытта енгізілуі мүмкін. Бұл туралы көлік вице-министрі Талғат Ластаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Оның айтуынша, жаңа қызмет алдымен елге келетін заманауи әуе кемелерінде іске қосылады. Атап айтқанда, сөз Boeing 787 Dreamliner ұшақтары туралы болып отыр.

«Алдымен осы жаңа ұшақтар интернетпен жабдықталады. Қазір бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр», – деді Талғат Ластаев.

Вице-министрдің болжамынша, жолаушылар үшін борттағы интернет қызметі жақын арада қолжетімді болады.

«Бұл қызмет жыл соңына қарай немесе келесі жылдың басында іске қосылуы мүмкін», – деді ол.

Жаңа ұшақтар ішкі және халықаралық бағыттарда ұшады. Дегенмен, олардың негізгі бөлігі ұзақ қашықтыққа арналған халықаралық рейстерге бағытталмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Цифрландыру министрлігі қазақстандық әуе компанияларына ұшақтарда интернет қызметін енгізуді ұсынған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Мақтааралда жаңа тігін фабрикасы ашылады: 200 жұмыс орны құрылмақ

admin_qazyr

Кәсіпкерлерге арналған жаңа қаржылық қолдау: Жеңілдікпен несиелеу тетіктері жетілдірілуде

admin_qazyr

АҚШ-тағы президент сайлауында Трампқа дауыс берушілер саны артып,алда келе жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz