25.11.2026
🇺🇸 USD/KZT: 458.28 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 501.45 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.59 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.77 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 300 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 477 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $87.50 🌤️ Астана: +1°C  |  Алматы: +6°C 🇺🇸 USD/KZT: 458.28 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 501.45 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.59 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.77 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 300 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 477 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $87.50 🌤️ Астана: +1°C  |  Алматы: +6°C
БАРЛЫҒЫ Ақпарат Саясат Қоғам Экономика Әлем Талдау Аймақ
Аймақ

Абай Құнанбайдың жиырма бесінші қара сөзі

Балаларды оқытқан да жақсы, бірақ құлшылық қыларлық қана, түркі танырлық қана таза оқыса болады. Оның үшін бұл жер дарулхарап, мұнда әуелі мал табу керек, онан соң араб, парсы керек. Қарны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап-ішімге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уә әртүрлі пәлеге, ұрлық,…

07.10.2024 👁 275
Аймақ

Абай Құнанбайдың жиырма төртінші қара сөзі

Жер жүзінде екі мың миллионнан көп артық адам бар, екі миллиондай қазақ бар. Біздің қазақтың достығы, дұшпандығы, мақтаны, мықтылығы, мал іздеуі, өнер іздеуі, жұрт тануы ешбір халыққа ұқсамайды. Бірімізді біріміз аңдып, жаулап, ұрлап, кірпік қақтырмай отырғанымыз. Үш миллионнан халқы артық дүниеде бір қала да бар, дүниенің бас-аяғын үш айналып көрген…

07.10.2024 👁 574
Аймақ

Абай Құнанбайдың жиырма үшінші қара сөзі

Біздің қазақты оңдырмай жүрген бір қуаныш, бір жұбаныш дегендер бар. Оның қуанышы — елде бір жаманды тауып, я бір адамның бұл өзі қылмаған жаманшылығы шықса, қуанады. Айтады: құдай пәленшеден сақтасын, о да адаммын деп жүр ғой, оның қасында біз сәулелі кісінің бірі емеспіз бе, оған қарағанда мен таза кісі емеспін…

07.10.2024 👁 299
Аймақ

Абай Құнанбайдың жиырма екінші қара сөзі

Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым. Байды қадірлейін десең, бай жоқ. Бай болса, өз басының, өз малының еркі өзінде болмас па еді? Ешбір байдың өз малының еркі өзінде жоқ. Кей бай өзі біреумен күш таластырамын деп, жүз кісіге қорғалауықтығынан жалынып, малын үлестіріп жүр. Ойлайды:…

07.10.2024 👁 367
Аймақ

Абай Құнанбайдың жиырма бірінші қара сөзі

Аз ба, көп пе, адам баласы бір түрлі мақтаннан аман болмағы — қиын іс. Сол мақтан деген нәрсенің мен екі түрлісін байқадым: біреуінің атын үлкендік деп атаймын, біреуін мақтаншақтық деймін. Үлкендік — адам ішінен өзін-өзі бағалы есеп қылмақ. Яғни, надан атанбастығын, жеңіл атанбастығын, мақтаншақ атанбастығын, әдепсіз, арсыз, байлаусыз, пайдасыз, сұрамшақ,…

07.10.2024 👁 623
Аймақ

Абай Құнанбайдың жиырмасыншы қара сөзі

Тағдырдың жарлығын білесіздер — өзгерілмейді. Пендеде бір іс бар жалығу деген. Ол — тағдырда адаммен бірге жаратылған нәрсе, оны адам өзі тапқан емес. Оған егер бір еліксе, адам баласы құтылмағы қиын. Қайраттанып, сілкіп тастап кетсең де, ақырында тағы келіп жеңеді. Ақылы түгел, ойлы адамның баласы байқаса, осы адам баласының жалықпайтұғын…

07.10.2024 👁 608
Аймақ

Президент Тоқаев сот ісін қашықтан жүргізу азаматтық істер бойынша аумақаралық соттылық жүйесін енгізуге мүмкіндік бергенін айтты

Президент Тоқаев сот ісін қашықтан жүргізу азаматтық істер бойынша аумақаралық соттылық жүйесін енгізуге мүмкіндік бергенін айтты.Бұны Qazyr.kz хабарлайды. Сондай-ақ осы тәжірибені әкімшілік істерде қолдануды көздейтін заң жобасы депутаттардың қарауында жатыр. – Биыл сот отырыстары алғаш рет онлайн көрсетіле бастады. Осындай тәсілмен екі сот процесі өтті. Сот істері миллиондаған адамның көз…

05.10.2024 👁 231
Аймақ

Құқық қорғаушылар «Орал апталығы» газетіне салынған айыппұлды жоюды талап етуде

«Әділ сөз» сөз бостандығын қорғау қоры Бас прокуратура мен Жоғарғы сотқа «Орал апталығы» газетіне салынған айыппұлды жоюын талап етуде.Бұл туралы Qazyr.kz Uralskweek.kz— ке сілтеп хабарлайды. «Әділ сөз» қоры Қазақстандағы референдумға қойылған мәселеге, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында әрбір қазақстандықтың өз пікірін білдіруге құқылы екенін атап өтті. Қор дәлел ретінде «Республикалық…

05.10.2024 👁 344
Аймақ

Демалыс күндері қай өңір ыстық болады?

Синоптиктер демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы. «Скандинавиялық антициклонның ықпалымен еліміздің батысында, 5, 6 қазанда солтүстік және шығыс облыстарда ауа райы ашық болады, күндіз батыста температура 23-30 градусқа көтерілсе, солтүстікте және шығыста 15-23 градусқа дейін жылынады. Алайда түнде температура нөлден де төмендейді», делінген ауа райы…

05.10.2024 👁 500
Аймақ

Жамбыл облысында ірі өрт болды

Жамбыл облысында ірі өрт болды, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы. Жамбыл облысының өрт сөндірушілері өрттен 86 адамды эвакуациялады. Тараз қаласында Жамбыл даңғылындағы мейрамханалардың бірінде ас үй бөлмесінде төбенің  жануы орын алды. ТЖМ күшімен баспалдақ маршы арқылы 86 адам эвакуацияланды. Зардап шеккендер жоқ. Төтеншеліктер өрт алдын ала 50 шаршы метр алаңда оқшауланғанын айтты….

05.10.2024 👁 408
Аймақ

Сыбайлас жемқорлықты әшкерелегендер қомақты сыйақы алды

Шымкентте сыбайлас жемқорлық әрекеттері туралы құзырлы органдарға дер кезінде хабар жеткізген 5 азаматқа 9 миллион теңгеге жуық сыйақы берілді, деп хабарлайды Qazyr.kz порталы. Шымкенттік мамандардың айтуынша, жемқорлықпен күресте қала тұрғындары жыл өткен сайын белсенділік танытып келеді. Мәселен өткен жылы 7 ақпарат берушінің арқасында оңай олжа тапқысы келгендер қолға түскен. Ескертетін…

05.10.2024 👁 611
Аймақ

Абай Құнанбайдың оныншы қара сөзі

іздесе, орнын тауып істесе, кім бай болмайды? Оның саған керегі жоқ. Сенікі — біреуден қорқытып алсаң, біреуден жалынып алсаң, біреуден алдап алсаң болғаны, іздегенің — сол. Бұл — құдайдан тілеген емес. Бұл — абыройын, арын сатып, адам жаулағандық, тіленшілік. Хош, сүйтіп жүріп-ақ мал таптың, байыдың. Сол малды сарып қылып, ғылым…

05.10.2024 👁 285
Аймақ

Абай Құнанбайдың тоғызыншы қара сөзі

Осы мен өзім — қазақпын. Қазақты жақсы көрем бе, жек көрем бе? Егер жақсы көрсем, қылықтарын қостасам керек еді. Уә әрнешік бойларынан адам жақсы көрерлік, көңілге тиянақ қыларлық бір нәрсе тапсам керек еді. Соны не үміт үзбестікке, не онысы болмаса, мұнысы бар ғой деп, көңілге қуат қылуға жаратсам керек еді,…

05.10.2024 👁 667
Аймақ

Абай Құнанбайдың сегізінші қара сөзі

Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды? Біреу — болыс, біреу — би. Олардың ақыл үйренейін, насихат тыңдайын деген ойы болса, ол орынға сайланып та жүрмес еді. Олар өздері де үздік кісіміз, өздеріміз біреуге үлгі беріп, ақыл айтарлықпыз деп сайланды. Өздері түзеліп жеткен, енді елді түзерлігі — ақ қалған. Ол…

05.10.2024 👁 413
Аймақ

Абай Құнанбайдың жетінші қара сөзі

Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі — ішсем, жесем, ұйқтасам деп тұрады. Бұлар — тәннің құмары, бұлар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды. Һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі — білсем екен демеклік. Не көрсе соған талпынып, жалтыр-жұлтыр еткен болса, оған қызығып, аузына салып, дәмін татып…

05.10.2024 👁 346
Аймақ

АЭС туралы тұрғындардан сұхбат алған «Орал апталығы» газетінің бас редакторы Тамара Еслямованың басы дауға қалды

АЭС туралы тұрғындардан сұхбат алған «Орал апталығы» газетінің бас редакторы Тамара Еслямованың басы дауға қалды.Бұл туралы Qazyr.kz тілшісі хабарлайды. «Ертең Орал қаласындағы әкімшілік мені кәсіби қызметім үшін сотқа бермекші.Биліктің мені, «Орал апталығының» журналисі, әрі бас редакторы ретінде сотқа беруі бірінші рет емес.Бірақ әр кез айыптауы қисынсыздығымен мені таң қалдырады.Орал көшелерінде…

04.10.2024 👁 372
Ресми серіктестік

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

Freedom Ertenmedia.kz
SAMRUK-KAZYNA
QAZYR MEDIA