Qazyr.kz порталы
Қазір

Айдар Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі болып тағайындалды

ҚР Сауда және интеграция вице-министрі жаңадан тағайындалды, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Бұл туралы Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Айдар Ахметбекұлы Әбілдабеков Сауда және интеграция вице-министрі қызметіне тағайындалсын», делінген қаулыда.

Айдар Әбілдабеков 1970 жылы дүниеге келген.

Е. Бөкетова атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы коммерциялық құрылымдарда бастады, сауда саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысты.

1998-2009 жылдары ҚР кеден органдарында инспектор, аға инспектор, бас инспектор, кеден бекеті бастығының орынбасары, бөлім бастығы болып қызмет атқарған.

2010-2022 жылдары  ҚР статистика органдарында жұмыс істеген: ҚР Статистика агенттігінің Қызмет статистикасы басқармасының бастығы, Алматы қаласы бойынша статистика департаменті бастығының орынбасары болды, Оңтүстік Қазақстан және Түркістан облысы, Алматы қаласы бойынша Статистика департаменттерін басқарды.

2022 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматының жасыл желегіне биологиялық күтім жасалады

admin_qazyr

Шымкентте 3 жасар баланың қолы ет тартқышқа кептеліп қалды

redaktor_qazyr

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz