18.3 C
Шымкент
17-Август, 2025
Qazyr.kz порталы
АймақҚазірСпорт

«Ақ бидай – 2025»: Батыс Қазақстанда ауыл спортының мерекесі басталды

Орал қаласында «Ақ бидай» VIII облыстық ауыл спорты ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарысқа Батыс Қазақстан облысының барлық аудандарынан келген 1000-нан астам спортшы қатысуда деп хабарлады Qazyr.kz

Бұл шара ауылдық жерлерде бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және ұлттық спорт түрлерін насихаттауды мақсат етеді. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев спортшыларға сәттілік тілеп, ауыл спортына мемлекет тарапынан тұрақты қолдау көрсетіліп жатқанын атап өтті.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда спортты дамыту – ұлт саулығының кепілі екенін баса айтты. Бүгінде облысымыздың барлық аудан орталықтарында заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар. Сонымен қатар, “Жайық Арена” сынды ірі спорттық инфрақұрылымдар ел игілігіне берілді. Алдағы уақытта облыстың ірі ауылдары да жаңа спорт нысандарымен қамтылады», – деді аймақ басшысы.

Ойындар бағдарламасына қазақ күресі, көкпар, волейбол, асық ату, садақ ату, тоғызқұмалақ және басқа да спорт түрлері енгізілген. Жеңімпаздар жекелей және командалық есепте анықталады. Жарыс 9 тамызға дейін жалғасады.

«Ақ бидай» спартакиадасы Батыс Қазақстанда 2010 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Бұл бастама өңірдегі бұқаралық және ұлттық спортты дамытып, ауданаралық ынтымақтастықты нығайтуға үлкен үлес қосып отыр.

Бүгінгі таңда облыста 286 мыңнан астам адам тұрақты түрде дене шынықтыру және спортпен айналысады. Бұл – жалпы халықтың 41,2 пайызы. Алдағы төрт жылда бұл көрсеткішті 50%-ға жеткізу көзделіп отыр. Осы мақсатта облыс аумағында 1563 спорттық құрылым жұмыс істейді.

 

Ұқсас жаңалықтар

«Таиландтан келген сәлемдеме» Астаналық студент 8 жылға сотталды

redaktor_qazyr

Шымкент: Терезеден лақтырып жіберген сәби ауруханада көз жұмды

redaktor_qazyr

«Қызылорда – Жезқазған» автожолы қайта жаңарту жұмыстары қарқын алуда

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz