Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

«Кеген – Нарынқол» автомобиль жолы қайта жаңғыртылуда

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Кеген – Нарынқол» автомобиль жолының жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан учаскесіне барып, құрылыс барысымен танысты, – деп хабарлайды Qazyr.kz Алматы облысының әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аясында қашықтығы 74 шақырым болатын «Кеген – Нарынқол» жолының 0-37 және 37-74 шақырым аралығы орташа жөндеуден өтуде. Мердігер мекеме «Нұрлы жол – 7» ЖШС, ал техникалық қадағалауды «KZ Стройэксперт» ЖШС жүзеге асыруда. Жобаның жалпы құны – 8,002 млрд теңге.

Қазіргі уақытта нысанда 7 мың текшеметр қиыршық тас дайындалған. 4 шақырым жолда ресайклирлеу жұмыстары жүргізіліп, 2 шақырымда жол жабындысының төменгі қабаты төселді. Құрылысқа 44 техника мен 71 адам жұмылдырылған.

Аймақ басшысы жобаның іске асырылу қарқынына назар аударып, жұмыстарды жеделдетуді және бөлінген қаражатты тиімді игеруді тапсырды. Ол жол сапасының жергілікті тұрғындар үшін аса маңызды екенін атап өтіп, халықпен кездесулерде көтерілген инфрақұрылым мәселелерінің кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

admin_qazyr

Мемлекеттік аудит күшейеді: Президент Тоқаев Жоғары аудиторлық палата жұмысын жетілдіруді тапсырды

admin_qazyr

Атырауда «Study in Kazakhstan» көрмесі өтіп жатыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz