Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматы әкімдігі мен ЕҚДБ «жасыл» қаржыландыру және инфрақұрылымды жаңғырту саласындағы әріптестікті кеңейтеді

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Еуропалық қайта құру және даму банкінің Орталық Азия және Моңғолия елдері бойынша басқарушы директоры Хусейн Озханмен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды Qazyr.kz

Тараптар қалалық инфрақұрылымды жаңғырту саласындағы ынтымақтастықты тереңдету және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Дархан Сатыбалды Алматы Қазақстандағы инвестициялық тартымдылығы жоғары өңірлердің бірі болып қала беретінін атап өтті. Соңғы үш жылда мегаполиске тартылған инвестиция көлемінің жылдық орташа өсімі 16% болды. Халықаралық Fitch агенттігі Алматының кредиттік рейтингін «BBB+» деңгейінде растады, бұл ЕҚДБ желісі арқылы да сырттан қаржы тартуға қолайлы жағдай жасайды.

Кездесу барысында экологиялық көлік жобаларын жүзеге асыруға арналған «жасыл» облигация шығару, оның ішінде LRT құрылысы, электроавтобустарға арналған инфрақұрылым құру және тартқыш қосалқы станцияларды жаңғырту сияқты қазіргі және келешектегі бастамалар талқыланды.

Сонымен қатар, Алматыда халықаралық қаржы институттарынан тікелей қарыз алу мүмкіндігі бар екені атап өтілді. 2025 жылы қаланың сыртқы қарыз алу лимиті 2,3 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтылды, бұл «жасыл» қаржыландыру механизмдерін белсенді енгізуге және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруға мүмкіндік береді.

Кездесу соңында тараптар стратегиялық әріптестікке қызығушылық танытып, Алматының тұрақты дамуы аясында одан әрі өзара іс-қимылға дайын екендіктерін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

Үндістанда мектеп директоры мен ұстаздары оқушыны білім ордасына сәттілік әкелсін деп құрбандыққа шалған

redaktor_qazyr

Ұлттық құрылтай шешімдерін жүзеге асыру: Көкшетауда сарапшылар бас қосты

admin_qazyr

Бастапқы білім беру инфрақұрылымы толық жаңарады: 232 жаңа мектептің құрылысы жүріп жатыр

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz