Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматы әкімі Түрксіб ауданын жұмыс сапарымен аралады

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды Түрксіб ауданын жұмыс сапарымен аралап, қалалық ортаны жақсартуға және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған негізгі аумақтарды көріктендіру жоспарлары және жобаларымен танысты деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жұмыс сапары аясында қала әкіміне «Қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша Шолохов көшесін Сүйінбай дайңғылынан Ержанов көшесіне дейінгі аралықта орташа жөндеу жоспары таныстырылды. Бұл аумақта ауданның ең жүктемесі жоғары көшелерінің бірін кешенді көріктендіру көзделген. Жоба аясында жол және жүргінші инфрақұрылымын жаңарту, сыртқы жарықтандыруды жаңғырту, сәулеттік нысандар орнату, жасыл аймақты дамыту және көше жиһаздарын орналастыру жоспарланып отыр. Құрылыс-монтаж жұмыстары 2026 жылға белгіленген.

Сондай-ақ Майборода көшесінде Сейфуллин даңғылынан Байкальская көшесіне дейін жүргіншілер аймағын құру мәселесіне ерекше назар аударылды. Жоба тротуарларды көріктендіруді, шағын сәулет нысандарын орнатуды, көгалдандыру жұмыстарын жүргізуді және серуендеуге қолайлы қоғамдық кеңістік қалыптастыруды қамтиды. Жобаны іске асыру кезең-кезеңімен жоспарланып отыр.

Дархан Сатыбалды тұрғындардың жайлылығына бағытталған заманауи, қауіпсіз әрі көріктендірілген қалалық ортаны қалыптастырудың маңызын атап өтті.

Аталған жобаларды іске асыру көлік байланысын жақсартуға, ауданның туристік тартымдылығын арттыруға, сондай-ақ кәсіпкерлікті дамыту үшін қосымша мүмкіндіктер жасауға ықпал етеді.

Түрксіб ауданында жүргізіліп жатқан жұмыстар қала инфрақұрылымын жаңғырту және қалалық ортаның сапасын арттыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Адылбек Касымалиевті қабылдады

admin_qazyr

Түркістан облысында 100-ге жуық әлеуметтік нысан пайдалануға берілді

redaktor_qazyr

Қазақстан күнтізбесіне алты жаңа мейрам қосылуы мүмкін

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz