Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматы Наурызға дайын: қала ұлттық нақышпен жаңарып жатыр

Алматы қаласы Наурыз мейрамын қарсы алуға толық дайындық үстінде. Қала көшелері мен алаңдары мерекелік кейіпке еніп, ұлттық нақыштағы безендірулермен жаңаша реңк алды, деп жазады Qazyr.kz.

Орталық көшелерде тақырыптық инсталляциялар орнатылып, баннерлер мен ою-өрнек элементтерімен көмкерілген көріністер қала тұрғындарына мерекенің жақындағанын айқын сездіруде. Сауда орталықтары мен қоғамдық кеңістіктер де бірыңғай стильде безендіріліп, қалада ерекше атмосфера қалыптасты.

Наурызнама онкүндігі аясындағы шаралар да басталып кетті. Соның ішінде ең ауқымды оқиғалардың бірі – 11 500-ден астам жас домбырашының бір мезетте күй орындауы болды. Бұл көрініс мегаполисті алып сахнаға айналдырып, ұлттық өнерге деген құрметтің айқын белгісіне айналды.

Алматылықтар дәстүрлі «Көрісу күніне» де ерекше мән берді. Көктөбеде ұйымдастырылған концертте қала тұрғындары бір-бірін көктемнің келуімен құттықтап, ұлттық дәстүрді жаңғыртты.

Мерекелік көңіл-күй күнделікті өмірде де байқалады. Қала тұрғындары, кәсіпкерлер мен түрлі ұйым өкілдері ұлттық киімдерді жиі таңдай бастады. Камзол, шапан, тақия сияқты дәстүрлі киімдер қала келбетінің бір бөлігіне айналып келеді.

Бүгін кешке мерекелік бағдарлама ерекше форматта жалғасады. Қала тұрғындары мен қонақтары ұлттық киіммен мұз айдынында сырғанап, мәдени әрі белсенді демалысты қатар өткізеді.

Алматы әкімдігі алдағы демалыс күндеріне арналған ауқымды бағдарламаны да жариялады. Қалада концерттер, жәрмеңкелер, этнофестивальдер мен халықтық серуендер өтеді.

Наурыз қарсаңында Алматы ерекше ырғақпен өмір сүріп жатыр. Бұл – ұрпақтарды жақындастыратын, дәстүрді жаңғыртатын және қалаға жылулық сыйлайтын кезең.

Ұқсас жаңалықтар

Дархан Сатыбалды қала инфрақұрылымын тексерді

admin_qazyr

17-23 қараша аралығында Алматыда жасөспірімдер арасында тоғызқұмалақтан ІІ Әлем чемпионаты өтеді

admin_qazyr

Келесі аптада Қазақстан билігі елдегі ислам фундаментализмі мен реваншизмі бойынша жабық кеңес өткізеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz