Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматыда «Арыстан» базары сүріліп жатыр

Ақсай-4 шағын ауданындағы жалпы көлемі 2000 шаршы метрден асатын базар соттың шешімімен сүріледі, деп мәлімдеді Алматының қала құрылысын бақылау басқармасынан, деп хабарлайды Qazyr.kz

Бұрындары жоспардан тыс  жүргізілген тексеру барысында «Арыстан» базарының бір бөлігі еш рұқсат құжаттарынсыз тұрғызылғаны анықталды. «Фирма Тигрохауд» ЖШС меншік иесіне қатысты әкімшілік шаралар қабылданды

Анықталған жайттарға байланысты басқарма аудандық сотқа заңсыз тұрғызылған базар алаңдарын бұзу туралы талап арыз жолдаған еді.

2024 жылғы 1 наурызда сот ауданы базардың 2125,62 шаршы метр болатын бір бөлігін бұзу туралы шешім шығарды, 2024 жылғы 19 шілдеде Алматы қалалық соты бірінші шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен сүру жұмысы басталды.

Ұқсас жаңалықтар

Украинада басына оқ тиіп жарақат алған қазақ журналисі Айдос Садықов өмірден өтті

redaktor_qazyr

Зеленский: Қытай Ресейді соғысты тоқтатуға мәжбүрлей алады

redaktor_qazyr

Президент Тоқаев Дональд Трампты құттықтады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz