Алматыда «Алтын жас» жобасын іске асыру жалғасуда. Ағымдағы зейнеткерлік жастағы адамдар үшін 1000 жұмыс орнын субсидиялау жоспарланған. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мәлімдеді,- деп хабарлайды Qazyr.kz
«2024 жылы Алматыда зейнеткерлердің жалақысын жергілікті бюджеттен ең төменгі жалақы мөлшерінде субсидиялай отырып, оларды жұмысқа орналастыру үшін «Алтын жас» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама 700 — ден астам адамды қамтыды, 2025 жылы 1000 зейнеткерді қолдау жоспарлануда», — деп атап өтті Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы.
Сондай-ақ, қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасы бойынша 2025 жылдан бастап Jobcoach жобасын іске қосу жоспарлануда — ерекше қажеттіліктері бар адамдарды 3 жыл бойы тұрақты жұмыс орнында толық бейімделгенге дейін қолдау. Тәлімгерлер жұмыс орындарын табуға және жұмыс орнында бейімделуге көмектеседі. Jobcoach жобасы аясында осы санаттағы 300 азамат жұмысқа орналасады.
Айта кетейік, Алматы инклюзивті орта құру бойынша Қазақстанда көшбасшы орында. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қоса алғанда, халықтың мобильділігі төмен топтары үшін кедергілерді жоюға және құқықтардың теңдігін қамтамасыз етуге басты назар аударылады. Негізгі жетістіктердің ішінде қала өмірінің 15 бағыты мен 90 жобаны қамтитын үздік әлемдік тәжірибелерге негізделген «Инклюзивті Алматы» бағдарламасы атап өтіледі. Ол білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спортта тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.
©Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі