Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматыда есірткі жарнамасына қарсы профилактикалық науқан өтті

Алматының орталығында есірткі жарнамасын бояуға арналған ауқымды науқан өтті,- деп хабарлайды Qazyr.kz

Алматы қаласының Алмалы ауданында аудан әкімдігі, «Наркостоп» қоғамдық бірлестігі, еріктілер мен жастардың белсенді қатысуымен қалалық ортада есірткі насихатына қарсы бағытталған ауқымды профилактикалық науқан өтті.

Іс-шара аясында ғимараттардың қасбеттерінде, қоршауларда және басқа да инфрақұрылым нысандарында анықталған есірткі граффитилері жедел түрде боялды. Адамдар көп жиналатын орындарда – көшелерде, оқу орындарының маңында, саябақтар мен аулаларда профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Тұрғындар арасында, оның ішінде жасөспірімдер мен жастар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінді.

«Бүгінде жастарды есірткіге қарсы профилактикалық шараларға тарту – аса маңызды. Жас алматылықтар өз қолдарымен тыйым салынған заттарды насихаттайтын жазуларды бояп жатқан кезде бұл – айқын белгі: біздің қаламыз – есірткіге қарсы, біз жастарды тәуелділіктің құрдымға апарар шеңберіне тартуға жол бермейміз. Есірткі жарнамасын жою және қоғамды есірткіге қарсы іс-қимылға тарту жұмыстары Алматыда жүйелі түрде жалғасып келеді. Тек бірлесе әрекет ету арқылы – полиция, жергілікті билік және азаматтық қоғам серіктестігі арқылы біз қауіпсіз әрі салауатты қалалық ортаны қалыптастыра аламыз», — деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Спикердің айтуынша, мұндай іс-шаралар есірткі қылмысына қарсы күресте профилактикалық бағытты күшейтуге және азаматтардың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға бағытталған.

 

Ұқсас жаңалықтар

Ақтөбеде бюджет қаражатын букмекерлік кеңселерге жұмсағандар анықталды

Redaktor Site

Жоғары ақы төленетін жұмысқа ұсыныс алсаңыз,ойланыңыз — Бас прокуратура

redaktor_qazyr

6 қазанда АЭС салу бойынша референдум өтеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz