Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматыда су басу мәселесін шешу және жолдарды кеңейту шаралары күшейтіледі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жұмыс сапары барысында қаладағы су басу қаупі жоғары аумақтарды аралап, проблемаларды жедел шешу жөнінде нақты тапсырмалар берді деп хабарлайды Qazyr.kz

Сапар Бостандық ауданынан басталып, Жәңгір хан көшесіндегі жағдай қаралды. Мұнда нөсер жауыннан кейін 1,2 метрге дейін су жиналатыны белгілі болды. Мамандардың айтуынша, мәселені шешу үшін сағатына 400 текше метр су айдайтын кәріз сорғы станциясын салу қажет.

Әл-Фараби даңғылы бойындағы жағдай да назардан тыс қалмады. Бұл аумақта Қаппаров көшесінде арық жүйесін салу, ал Үшкемпіров көшесінде екі ірі су қабылдағыш орнату жоспарланған. Қабанбай батыр көшесінде де су бұру жүйесінің олқылықтары анықталып, әкім құбырларды жаңартуды жеделдетуді тапсырды.

Медеу ауданында Шығыс айналма жолы маңындағы инженерлік желілердің құрылысы тексерілді. Қала басшысы қозғалысқа кедергі келтірмеу үшін негізгі жұмыстарды түнде жүргізуді міндеттеді.

Сонымен қатар, Дархан Сатыбалды қаланың көлік жүйесін жетілдіру қажеттігін айтты. Жоғарғы бөліктен Әл-Фараби даңғылына шығатын радиалды жолдарды екі жолақтан төрт жолаққа дейін кеңейту мүмкіндігі қарастырылатынын жеткізді.

Әкім қорытынды сөзінде жобаларды сапалы жүзеге асыру, мерзімді қатаң сақтау және тұрғындарға қолайсыздықты азайту – басты талап екенін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

Ұлттық ұлан сарбаздары Конституцияға қолдау білдірді

admin_qazyr

Алматыды журналист Асхат Ниязовты полиция ұстап алып кетті

redaktor_qazyr

Биыл 1,7 млн қазақстандық оқушы тегін тамақтанумен қамтылады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz