Qazyr.kz порталы
Аймақ

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында экологиялық шаралар күшейтілді

Алматыда қалалық ортаның сапасын арттыруға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталған «Таза Қазақстан» бағдарламасының жүзеге асырылуына арналған кеңес өтті. Бағдарлама аясында экологиялық білім беруді жүйелі жүргізу, мектеп оқушыларын, жастар ұйымдарын және белсенді тұрғындарды тарту, сондай-ақ қаланың санитарлық жағдайын күнделікті қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылып келеді.

Басты бағыттардың бірі — көгалдандыру. Көктемде қалада шамамен 2 мың ірі көлемді ағаш, 19 мыңнан астам көшет және 10 мыңнан аса бұта егілді. Күзде жұмыс жалғасын тауып, 3 мың ірі ағаш, 18 мыңнан астам көшет және шамамен 360 мың бұта егілді. Бұл шаралар экологиялық жағдайды жақсартуға және жайлы қала ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Бағдарламаның маңызды құрамдас бөлігі — рейдтік іс-шаралар. Жыл басынан бері 6,2 мыңнан аса хаттама толтырылып, 5,5 мыңнан астам айыппұл салынды, айыппұлдың жалпы сомасы 518 млн теңгеден асты. Рұқсатсыз сауданы жою, заңсыз нысандарды бұзу, сондай-ақ автокөлік пен автобус шығарындыларының уыттылығын бақылау жүргізіліп отыр.

«Таза Қазақстан» бағдарламасының орындалуы тұрақты бақылауда. Қабылданған шаралардың тиімділігі үнемі бағаланып, қажет болған жағдайда түзетіледі. Негізгі мақсат — тұрғындар нақты өзгерісті сезінетін, таза, жайлы әрі экологиялық қалаға айналдыру.

Ұқсас жаңалықтар

Президент Ақтаудағы көтерме сауда-тарату орталығын аралап көрді

admin_qazyr

Алматыда 1 мамырдан бастап субұрқақтар іске қосылады

admin_qazyr

Алматыда үш жыл ішінде миллионнан астам ағаш отырғызылды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz