Qazyr.kz порталы
Аймақ

Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көгалдандыру жұмыстары кеңейтіледі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында «Таза Қазақстан» экологиялық жобасының үшінші тоқсандағы қорытындылары талқыланды. Жиын барысында алдағы кезеңге арналған жоспарлар да нақтыланды.

Шілде-қыркүйек айларында қалада 367 іс-шара ұйымдастырылып, оған 337 мыңнан астам адам қатысты. Нәтижесінде 376 тоннадан аса қоқыс жиналып, 600 гектарға жуық аумақ тазартылды. Сондай-ақ 912 түп ағаш пен бұта отырғызылды.

Үшінші тоқсандағы жұмыстардың негізгі бөлігі сенбіліктерге арналды. Барлығы 128 сенбілік өтіп, оның төртеуі жалпықалалық деңгейде ұйымдастырылды. Оған 40 мыңнан астам тұрғын мен еріктілер қатысып, 20 мың текше метрден аса қоқыс шығарылды.

27 қыркүйекте өткен ірі қалалық сенбілікке білім беру ұйымдары, медицина қызметкерлері, кәсіпкерлер мен тұрғындар қосылып, бір күнде 1,6 мың текше метрден аса қалдық тазартылды.

Сонымен қатар қыркүйектен бастап 100 мың бұта отырғызу жұмыстары басталды. Қазірдің өзінде 4 мыңнан астам жасыл желек егілді, 7 мыңға жуық шұңқыр дайындалды. Отырғызу жұмыстарына «Лукоморье» питомнигі ұсынған және Ботаникалық бақ мақұлдаған материал пайдаланылуда.

Әкім Дархан Сатыбалды «Таза Қазақстан» жобасы қала тұрғындарын кеңінен қамтып отырғанын атап өтті. Ол экологиялық айлық өткізуді ұсынып, барлық ауданның белсенді қатысуын маңызды деп санады.

«Қала тазалығы – біздің ортақ мәдениетіміз бен болашаққа құрметіміздің көрсеткіші. Сондықтан жұмысты бәсеңдетпей, тұрғындармен, бизнес және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп жалғастыру қажет», – деді Алматы әкімі.

Ұқсас жаңалықтар

Үлкен Алматы өзені жағалауы қайта жаңғыртылады

admin_qazyr

Батыс Қазақстан облысы мен Оңтүстік Корея стратегиялық серіктестікті нығайтуда

admin_qazyr

Алматы әкімі сумен қамту нысандарымен танысты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz