Qazyr.kz порталы
Аймақ

Алматының Абай алаңында «Кел, Жаңа жыл!» атты екі күндік мерекелік концерт өтеді

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Алматы тұрғындары мен қала қонақтарына арнап «Алматы әуендері» мекемесінің шығармашылық ұжымы «Кел, Жаңа жыл!» атты кең ауқымды концерттік бағдарламасын ұсынады деп хабарлайды Qazyr.kz

Мерекелік іс-шара 29-30 желтоқсан күндері сағат 19:00-де Абай алаңында өтеді. Ашық аспан астында ұйымдастырылатын концерт Жаңа жылдық көңіл күйді сезінуге, қала тұрғындары мен қонақтарын бір арнаға тоғыстырып, ортақ мерекелік шаттыққа бөлеуге бағытталған.

Концерттік бағдарламада елімізге танымал көрермен ықыласына бөленіп жүрген әншілер өнер көрсетеді. Атап айтқанда Бақтияр Тайлақбаев, Өктем Алтаев, Тахмина Әшімбекова, Жұбаныш Жексенұлы, Марта Төлепберген, Асхат Тарғын, Бейбітгүл Нұрымхожина, Димаш Дәулетов, Абик Жексен, Ғарифа Игісінова, Ерік Төленов және DARO сынды белгілі өнерпаздар ән шырқайды. Артистер тыңдарманға отандық эстраданың таңдаулы туындыларын, сондай-ақ жаңа жылдық көңіл күй сыйлайтын әуендерді ұсынбақ.

Мерекеге орай безендірілген сахна, сапалы дыбыс пен жарық, кәсіби орындаушылардың өнері көрермендерге ұмытылмас әсер сыйламақ.

Өтетін орны: Абай алаңы
Күні: 29-30 желтоқсан
Уақыты: 19:00

Баршаңызды Жаңа жылды бірге қарсы алуға шақырамыз!

Ұқсас жаңалықтар

Ет экспортының 80 пайызы: Түркістан облысы мал шаруашылығының жаңа дәуіріне қадам басты

admin_qazyr

Сарқан ауданында алғашқы Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды

admin_qazyr

Жетісу облысы: Текелідегі көптен бері көтерілген мәселелер шешімін тапты

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz