Qazyr.kz порталы
АймақҚазір

Алматының Жетісу ауданында көше жарықтандыру жүйесі кеңінен жаңартылып жатыр

Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі Ләззат Жылқыбаева Өңірлік коммуникациялар қызметінде аудан аумағын 100% сыртқы жарықтандырумен қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалуы туралы баяндады.

Әкімнің айтуынша, аудан үшін негізгі міндеттердің бірі көшелердің үздіксіз және сапалы жарықтандырылуын қамтамасыз ету. Биыл жыл басынан бері бұрын жарықтандырылмаған 76 учаскеге жарық орнатылды, жыл соңына дейін тағы 13 учаскеде жарықтандыру жүргізу жоспарланған.

Сыртқы жарықтандыру жүйесін жаңғырту аясында 56 дана басқару шкафы (ШУНО) ауыстырылды, 4 340 шам орнатылды, 166 жарық тірегі қойылды және аудан аумағында 47 шақырымнан астам кабель желісі тартылды.

Сонымен қатар, сыртқы жарықтандыруды салуға арналған екі ірі жоба әзірленіп жатыр. Бұл жобалар 33 көшенің көлік және жүргінші желісін, 11 учаскенің тротуарларын, сондай-ақ саябақ аймағын жарықтандыруды қамтиды. Жобалар аясында 66 шақырымнан астам кабель желісін жаңарту, 824 жарық тірегін, 1 300 шам және 2 900 торшерлі тірек орнату қарастырылған.

Қазіргі уақытта жобалар аяқталып келеді. Құрылыс-монтаж жұмысы 2026 жылдың II тоқсанында басталады.

Сонымен бірге, ғимараттардың қасбетін сәулеттік жарықтандыруға ерекше назар аударылып отыр. Қазір 30 нысан бойынша жарықтандыру жұмысы жүргізіліп жатыр, оның ішінде 21 көпқабатты тұрғын үй мен 9 әкімшілік ғимарат бар. 9 ғимаратта жұмыс толық аяқталды, қалған 12-сінде аяқтау кезеңі жүріп жатыр.

«Біздің мақсат – ауданды тек жарық әрі қауіпсіз ету ғана емес, сонымен қатар Алматы көшелеріне заманауи және көркем бейне беру», – деді Ләззат Жылқыбаева.

Ұқсас жаңалықтар

Биыл мектептерде соңғы қоңырау болмайды,24 мамыр барлық мектепте сынып сағаты ұйымдастырылады.

redaktor_qazyr

Алматыда облысы : Әжетханаға түсіп кеткен телефонды аламын деп өзі де түсіп кетті

redaktor_qazyr

Түркиядағы қонақ үйдегі өрттен 76 адам көз жұмды

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz