Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтар

Балқаш жылу электр орталығында апат орын алды

Балқаш жылу электр орталығында апат орын алды
2023 жылы 15 маусымда сағат 16.22-де «Қазақмыс Энерджи» ЖШС-ның Балқаш ЖЭО-сында секциялық ажыратқыш зақымданып, салдарынан меншікті электр қажеттіліктерін жоғалтуына байланысты 10 кВ тарату құрылғысы токтан ажыратылды.

Энергетика министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 3 қазандық пен 3 турбина сөндірілді. ЖЭО генерациясы 110-нан 0 МВт-қа дейін төмендеді.

«Сағат 17.10-да электр станциясын бұру бойынша операциялар басталды. Қазіргі уақытта 1 қазандық пен 1 турбина жұмыс істеуде. Технологиялық бұзушылықты тексеру Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаментінің қатысуымен жүргізіледі», делінген хабарламада.

Дереккөз: Zakon.kz

Ұқсас жаңалықтар

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов қызметінен босатылды

redaktor_qazyr

Қазақстан мен Иран өзара сауда-экономикалық әріптестікті дамытады

admin_qazyr

Сіз 3 сағатта жаңа мамандық иесі атанғыңыз келе ме? Skills Enbek платформасы көмектесуге дайын

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz