Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚазір

Бишімбаев ісі бойынша сараптама жасаған маман Шерзаттың өлімінің себебін айтты

Қуандық Бишімбаевтың ісінде соққы іздерін дәлелдеген сот-медициналық сарапшы Тахир Халимназаров Шерзат Полаттың өліміне байланысты өтіп жатқан сот процесінде сарапшы ретінде сөз сөйлеп жатыр, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Жәбірленуші тараптың өкілдері Тахир Халимназаровты сот отырысына арнайы шақырған. Қазіргі уақытта сарапшы сотта куәлік етуін бастап кетті.

«Өлімнің себебі мәйітті зерттегенде, сараптама жасаған кезде анықталды. Ол кеуде қуысына кесілген жарақат салдарынан (пышақтау) өкпесі жыртылып, көп мөлшерде қан кеткен. Қалған бетіндегі қан талаулары мен сызаттар сараптама әдістері бойынша сыртқы жарақат болып саналады және өлімге әкелмейді», — дейді Халимназаров.

Айта кетейік, Тахир Халимназаров Қазақстан жұртшылығына Қуандық Бишімбаевтың ісі кезінде кеңінен танылған болатын. Ол сот барысында Салтанат Нүкеноваға жасалған соққы іздерін және олардың зардабын нақты дәлелдермен көрсетіп, сараптама жасаған болатын.

Ұқсас жаңалықтар

Алматының Наурызбай ауданында 5,5 мың орындық үш мектеп ашылды

admin_qazyr

Несие алудан ерікті түрде бас тарту туралы өтінішті eGov мобильді қосымшасында және eGov.kz порталында беруге болады

redaktor_qazyr

Қазақстанда теміржолдарды жаңарту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz