Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратҚоғам

Биыл Қазақстанның әр өңірінде 5 су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр

 Фото: Су ресурстары және ирригация министрі

Елімізде жаңа су қоймаларының құрылысы басталды. Биыл Қазақстанның әр өңірінде 5 су қоймасының құрылысын бастау жоспарланып отыр.

8 нысанның құжаттары әзірленіп жатыр. Министрлік 11 облыста барлығы 20 жаңа су қоймасын салуды жоспарлап отыр. Жұмыс 2024-2028 жылдар аралығында орындалуы тиіс.

Жаңа су қоймалары суармалы жерлердің ауданын 250 мың гектарға ұлғайтуға және 137 мың тұрғыны бар 70 ауылдық елдімекенді су басу қаупін азайтуы керек.

«Құрылыс жұмыстары су шаруашылығын дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған Кешенді жоспарына сәйкес жүргізілетін болады. Қазір жаңа су қоймаларын салуға инвесторларды тарту бойынша келіссөздер жүргізілуде. Жоба елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету және трансшекаралық өзендерге тәуелділікті азайту үшін іске асырылуда», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте өгей әкесі балаларын ит-мысықтың етімен тамақтандырып келген

redaktor_qazyr

Жетісуда үш әлеуметтік нысан өз жұмысын бастады

admin_qazyr

ҚазМұнайГазда компаниялар тобында өндірісте 43 мыңнан астам адам еңбек етеді

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz