Qazyr.kz порталы
Спорт

БІЗ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫМЫЗ!

Құрметті достар!

Lamborghini Super Trofeo әлемдік чемпионатының он сегізінші маусымы ArtLine Kazakstan командасы үшін шын мәнінде тарихи жетістікпен аяқталды!

Кеше өткен бірінші жарыста жеңіске жетіп, команда әлемдік финалда көш бастауға зор мүмкіндік алды. Ал бүгін екінші жарыста тек жүлделі үштікке ену жеткілікті еді, бұл міндетті біздің пилоттарымыз Шота Абхазава мен Егор Оруджев мінсіз орындады.

Үшінші орыннан сәтті старт алған Егор Оруджев жарыста өз позициясын сақтап, қарсыластарымен тартысты да таза күрес жүргізді.

Ал Шота Абхазава жарысқа кіріскеннен кейін әр айналымды таза әрі сенімді жүргізіп, бір қарсыласын басып озып, команданы бүгінгі жарыста екінші орынға жеткізді. Осылайша, команда кеше жеңіске жетіп иеленген Алтын кубоктын триумфын нығайтып, екі финалдық жарыстың қорытындысы бойынша ArtLine Kazakhstan командасы Lamborghini Super Trofeo 2025 әлем чемпиондары атағын сенімді түрде растады.

Жарыстан кейінгі қысқаша сұхбатында команда жетекшісі әрі пилот Шота Абхазава көптен күткен мақсатқа – Lamborghini Super Trofeo сериясының барлық санаттарында әлем чемпионы атану арманына қол жеткізгенін айтты.

Бүгінде ArtLine Kazakstan командасының қоржынында AM, PRO, Lamborghini Cup және енді PRO AM санаттарындағы әлем чемпиондықтары бар!

Қымбатты жанкүйерлер, бұл – нағыз триумф!

Әлемнің ең жылдам автоспорт сериясында қазақстандық команда тағы да ең үздік деп танылды!

Бүкіл команданы, пилоттарды, механиктерді, менеджерлерді және, әрине, біздің адал жанкүйерлерімізді шын жүректен құттықтаймыз! Бұл қиын, бірақ ғажайып еңбек болды!

БІЗ – ӘЛЕМ ЧЕМПИОНДАРЫМЫЗ! 🏆

Ұқсас жаңалықтар

«Ақ бидай – 2025»: Батыс Қазақстанда ауыл спортының мерекесі басталды

admin_qazyr

«Манчестер Сити» Өзбекстан футбол құрамасындағы қақпа қорғаушысы Абдуходир Хусановты 50 миллион еуроға құрамына қосуды мақұлдады

redaktor_qazyr

Өскеменеде республикалық велошеру басталды

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz