Облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Дархан Қадралиев БҚО өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында бағдарламаның шарттары туралы айтып берді,- деп хабарлайды Qazyr.kz
Аталмыш бағдарламаға қатысу үшін өтінім 6 наурыздан бастап қабылданады.
2024 жылдың соңында жергілікті мәслихат шешімімен «Жайық жастары» тұрғын үй бағдарламасына 1 260 000 000 теңге қаражат бөлінген. Бағдарлама аясында 70 жасты тұрғын үймен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.
«Тұрғын үй сатып алудың шекті бағысы – 18 000 000 теңге. Несие беру уақыты – 19 жылға дейін болса, пайыздық мөлшерлеме – 5%. Ал бастапқы жарна — 10%, яғни 1 800 000 теңге болса тұрғын үй бағдарламасына қатыса аласыз», — деді басқарма басшысы.
Бағдарламаға қатысу талаптары:
ҚР азаматтығы;
Жасы 21-35 жас (өтініш беру кезінде);
БҚО-да соңғы 1 жыл тұрақты тіркеу;
Соңғы 12 ай ресми жұмыс өтілі;
Соңғы 5 жылда жеке тұрғын үйінің болмауы.
Қандай санаттағы жастар қатыса алады?
Медицина, білім, мәдениет, спорт қызметкерлері;
Коммуналдық кәсіпорын қызметкерлері;
Мемлекеттік қызметшілер;
Құқық қорғау органдары қызметкерлері;
Жастар қоғамдық бірлестігінде 1 жылдан аса жұмыс істегендер.
Өтінім беру үшін qr.gov.kz сайтына ЭЦҚ арқылы тіркелу қажет.