Qazyr.kz порталы
Басты ақпаратЖаңалықтарҚазір

Былтыр елімізде 1,4 млн адам 958,3 млрд теңге әлеуметтік төлем алды

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2024 жылдың қорытындысы бойынша шамамен 1,4 млн. қазақстандық жалпы сомасы 958,3 млрд теңге әлеуметтік төлемдер алды, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Еңбекке қабілеттілігінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне  қатысушыларға мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша тағайындалады, ол бюджет қаражаты есебінен төленеді.

2024 жылы еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайы бойынша төлемді 102 мыңнан астам адам 46,6 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 20%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 60 407 теңгені құрады.

Есепті кезеңде көрсетілген төлемді асыраушысынан айырылған 67,9 мың отбасы 33,8 млрд теңге сомасына алды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 26%-ға артық. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 64 772 теңгені құрады.

МӘСҚ-дан жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүйенің қатысушысына оның жұмыстан шығарылу себебіне қарамастан тағайындалады. Тағайындаудың басты шарты – жұмыссыз ретінде тіркелу. Жүйеге қатысу өтіліне байланысты төлем 1 айдан 6 айға дейін жүзеге асырылады.Өткен жылы аталған төлем 88,2 млрд теңге сомасына жүзеге асырылды, оны 293,6 мың адам алды. Белгіленген төлемнің ай сайынғы орташа мөлшері 81 500 теңгені құрады.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жүктілік және босану бойынша демалыстың барлық күндеріне тағайындалады. Төлем мөлшері жүктілікке және босануға байланысты демалыс күніне дейінгі соңғы 12 айда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар жүргізілген орташа айлық табысқа және еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты.2024 жылы аталған біржолғы төлемді 245,7 мың болашақ ана жалпы сомасы 385,6 млрд теңгеге алды, бұл 2023 жылы төленген сомадан 11%-ға артық. Тағайындалған төлемнің орташа мөлшері 1 621 299 теңгені құрады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Талғарда бұзақылардың қолынан ажал құшқан 16 жасар Шерзаттың үйін өртеп жіберді

redaktor_qazyr

Төрт жыл бұрын асыранды баласын үйінің ауласына көміп тастаған.Ақмола облысында 65 жастағы әйел қамауға алынды

redaktor_qazyr

СҮНДЕТТЕЙМІН ДЕП ЖЫНЫС МҮШЕСІН КЕСІП АЛДЫ

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz