Qazyr.kz порталы
Руханият

Денсаулық туралы мақал-мәтелдер

Жарлының байлығы,
Денінің саулығы.

***

Демі бардың – емі бар.

***

Аш кісі – ұрысқақ,
Ауру кісі – тырысқақ.

***

Бірінші байлық – денсаулық,
Екінші байлық – он саулық,
Үшінші байлық – ақ жаулық.

***

Денсаулықтың қадірін,
Ауырғанда білерсің.

***

Ауруын жасырған өледі.

***

Ауру кісі күлкі сүймес,
Ауыр жүкті жылқы сүймес.

***

Тазалық – саулық негізі,
Саулық – байлық негізі.

***

Туа мүкіс жазылмас.

***

Лас адам – кіршіл,
Надан адам – діншіл.

***

Көп ауырған ем табады,
Көп адасқан жол табады.

***

Дәрі шөптен шығады,
Дана көптен шығады.

***

Аурудың жақсысы жоқ,
Дәрінің тәттісі жоқ.

***

Ауру жүйкені бұзады,
Жүйке ұйқыны бұзады.

***

Қайталанған дерт жаман,
Қайта бұзылған серт жаман.

***

Ауырып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.

***

Көзің ауырса қолыңды тый,
Ішің ауырса аузыңды тый.

***

Ауырып, жазылған жан олжа,
Жоғалып, табылған мал олжа.

***

Бас аманда мал тәтті,
Бас ауырса, жан тәтті.

Ұқсас жаңалықтар

Мұқағали Мақатаев — Қайран жандар

redaktor_qazyr

Ең алғаш оттың пайда болуы

redaktor_qazyr

Қазақстан тарихы тест

Redaktor Site

Пікір жазу

Qazyr.kz