Qazyr.kz порталы
ӘмбебапБасты ақпаратЖаңалықтарҚазірҚоғамСаясат

«Халқын аямайтын үкіметпіз» Гаухар Танашева депутаттық мандатынан айырылды

Сурет:mazhilis

Қазақстанның Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева мандатынан айырылды. Бұл мәліметті Орталық сайлау комиссиясы растады, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Гаухар Танашева 2024 жылдың 25 желтоқсанында өткен Парламент Мәжілісінің соңғы отырысында үкіметтің халыққа деген қарым-қатынасын сынға алып, мәлімдеме жасаған еді. Ол өз сөзінде:
«Халқын аямайтын үкіметтен тұратын мемлекетпіз, бұл тактиканы өзгертпей, дамыған елдердің қатарына қосылмаймыз,» – деп атап өткен.

Бұл мәлімдеме қоғамда үлкен талқыға түсіп, әртүрлі пікірлер туғызды. Алайда, көп ұзамай Орталық сайлау комиссиясы оның депутаттық мандаттан айырылғанын хабарлады.

Танашеваның бұл әрекеті саяси ортада түрлі көзқарас тудырып, кейбіреулер оны шындықты айтқан ержүрек тұлға деп бағаласа, басқалары оның мәлімдемесін артық кеткен қадам деп қабылдады.

Ұқсас жаңалықтар

Шерзат Полаттың ісі: кәмелетке толмаған айыпталушы бостандыққа шықты

admin_qazyr

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейдің Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады

admin_qazyr

Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Одиль Рено-Бассомен кездесті

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz