Qazyr.kz порталы
ЖаңалықтарҚазірҚоғам

Хасан Қасымбаевтың ұсталуы — Шерзаттың өліміне байланысты емес

Желіде хуторлық Хасан Қасымбаевқа қатысты бір ғана қылмыстық іс тергеліп жатқаны туралы хабар тарады. Алматы облысының Полиция департаментінің ресми өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Qazyr.kz.

Бұған дейін Курсив басылымы алғашқылардың бірі болып Хасан Қасымбаевқа қатысты бір ғана қылмыстық іс қаралып жатқанын хабарлаған болатын.

«Хуторский Хасан» лақапатымен белгілі Алматы облысы Талғар ауданының тұрғыны Хасан Қасымбаевқа қатысты бір қылмыстық істі қарау тоқтатылған. Оған қатысты адам денсаулығына ауыр зиян келтірді деген іс қаралып жатқан жоқ. Сотқа дейінгі тергеу аясында сот Қасымбаевты қамауға алуды ұзарту туралы шешім қабылдады. Оған қатысты іс Адам ұрлау фактісі бойынша тергелуде. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде», – делінген басылым материалында.

Алайда Полиция департаментінің мәліметінше, БАҚ ресми сауалына берілген жауаптағы ақпаратты дұрыс түсінбей қалған.

Сондықтан қазіргі таңда Хасан Қасымбаевқа қатысты адам ұрлау, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру және бопсалау фактілері бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, Хасан Қасымбаевтың өзі екі айға қамауға алынған болатын.

Кейін полиция мәлімдеме жасап, Хасан Қасымбаевтың ұсталуы — Шерзаттың өліміне байланысты емес екенін хабарлады.

ПД мәліметінше, Қасымбаев 2 қарашада ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған. Ол азамат Арман Алимовті ұрлап, денсаулығына ауыр зиян келтірді деген күдікке ілінген.

Оқиға 2021 жылдың маусымында болған.

«Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді», — деді бұған дейін Алматы облыстық ПД өкілдері.

Ермұхамет Ертісбаев ағасы әкімдікте жұмыс істеген ауданда Хасан Қасымбаевтың табысқа қалай кенелгенін құқық қорғау органдары тексеруі керек деп мәлімдеді.

Ұқсас жаңалықтар

Келесі аптада Қазақстан билігі елдегі ислам фундаментализмі мен реваншизмі бойынша жабық кеңес өткізеді

redaktor_qazyr

Трамп Зеленскиймен Ресейге зымырандық шабуылына байланысты кездесуден бас тартты

redaktor_qazyr

Смадияров Таяу Шығысқа саяхаттағысы келетін қазақстандықтарға ескерту жасады

admin_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz