Анам тілі
Қадірлі, бағасы алтын анам тілі,
Сенімен бағаланған балаң түрі.
Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп,
Сенімен әлдилеген анам мені.
Бесікте белім буып бітіскемін,
Сөйлесіп шешем жүнін түтіскемін.
«Апа», — деп, «Ә», — деп жылап, аузымды ашып,
Емшектен еңбек қылып сүт ішкемін.
Маңымды сеніменен танығамын,
Сеніменен қуанып, налығамын.
Дене ауырлап, жан жалқау тартқан шақта,
«Уһ» деп шаршап, дем алып шалығамын.
Тілегенім, қорыққаным – бәрі де сен,
Сасқанда да жармасам ойбайыңмен.
Апкәусар болса дағы ұжмақтағы,
Тәттілікті көрмеспін сенімен тең.
|
|
Ілияс Жансүгіров — Ана тілі
⚡ Неге бұл маңызды:
Анам тілі Қадірлі, бағасы алтын анам тілі, Сенімен бағаланған балаң түрі. Төрт бөліп түн ұйқысын жұбатам деп, Сенімен әлдилеген анам мені. Бесікте белім буып бітіскемін, Сөйлесіп шешем жүнін түтіскемін. «Апа», — деп, «Ә», — деп жылап, аузымды ашып, Емшектен еңбек қылып сүт ішкемін. Маңымды сеніменен танығамын, Сеніменен қуанып, налығамын. Дене…
Оқырман барометрі
Бұл материал сізге қандай ой салды?