24.11.2026
🇺🇸 USD/KZT: 455.12 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 498.99 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.55 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.29 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 020 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 474 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $86.95 🌤️ Астана: +3°C  |  Алматы: +11°C 🇺🇸 USD/KZT: 455.12 ₸ ▲ 🇪🇺 EUR/KZT: 498.99 ₸ ▲ 🇷🇺 RUB/KZT: 5.55 ₸ 🇨🇳 CNY/KZT: 68.29 ₸ 🥇 АЛТЫН (1г): 40 020 ₸ ▲ 🥈 КҮМІС (1г): 474 ₸ ▲ 🛢️ BRENT МҰНАЙЫ: $86.95 🌤️ Астана: +3°C  |  Алматы: +11°C
БАРЛЫҒЫ Ақпарат Саясат Қоғам Экономика Әлем Талдау Аймақ
Редакция авторы

✍️ Qazyr Редакциясы

Жарияланған мақалалар саны: 4039

← Басты бетке оралу
Қоғам

Қалқаман Сарин-Анашым

Ақ бесікті тербеп, біздің, сен! Ақ сүт беріп ержеткіздің, сен! Ғибратты ғұмырыңның жартысын, Жаутаң қағып жолда өткіздің, сен! Жібін үзбей ізгі үміттің, сен! Жылы жүзбен бізді күттің, сен! Мейірімге мұқтаж мынау ғаламда, Үлгісі едің ізгіліктің, сен! «Балам!» — дедің, балқып сүйдің, сен! Өз жаныңнан артық сүйдің, сен! Омырауыңнан өмір беріп,…

31.08.2024 👁 344
Қоғам

Әйел сенің ақылшың

Сенікі ме, менікі ме сонау гүл, Арман үшін жүрміз жазып алау жыр. Жат біреуге бақыт болып туатын, Әйелдерді еркелеткен жөн-ау бір. Әйелді ылғи еркелеткен ер оңар, Әйелдерсіз тірлігіміз не болар? «Қой» дейтұғын қожаң егер болмаса, Еркек байғұс азып-тозып жоғалар. Әйел – сенің аспазың да күтушің, Әйел барда биіксің де бүтінсің….

31.08.2024 👁 611
Қоғам

Аруларды аялаңдар ана деп

Ару – Әжең, ол әкеңнің Анасы, Ару – Анаң, ақ сүтінің өтелмейтін бағасы, Ару – жарың, отбасыңның панасы, Ару – қызың, жанарыңның ағы менен қарасы. Ару – Ұстаз, саған әріп танытқан, Ару – ғалым, ғылымға жұрт қаныққан, Ару – емшің, аурудан сан арылтқан, Ару – ақын, жыр тиегін ағытқан. Ару…

31.08.2024 👁 238
Қоғам

Фариза Оңғарсынова-Анама

Кеудеңде мені тербеттің, Жас шыбық енді көктеді. Мінеки мен де ер жеттім, Еңбегің бекер кетпеді. Өмірде мынау ең жақын, Аяулым сенсің, анашым! Болмаса мейлі зор даңқың, Мен үшін бірақ данасың. Мейірім төккен нұр жүзің Тұрғандай сезем жанымда. «Адал бол, — деуші ең, — жұлдызым», Сақталды сөзің жадымда. «Игі еңбек түбі…

31.08.2024 👁 500
Қоғам

Мағжан Жұмабаев-Анама

Өмірімнің қап-қараңғы түнінде, Еш не білмес түсім бе, я өңім бе? Оң менен сол, от пенен су айырмас, Күшсіз, әлсіз есім білмес күнімде Құшағыңа алдың, сүйдің сен, анам, Ренжу жоқ, барлық сөзің: «Жан балам!» Ыстық — суық, желге күнге тигізбей, Асырап, сақтап, болдың, анам, баспанам. Түнде тұрып түн ұйқыңды төрт…

31.08.2024 👁 420
Аймақ

Тәрбие бесік жырында

Өсиет толы шынында, Ақтарған ойын, сырын да. Әжелер айтқан әлдилеп, Тәрбие бесік жырында: «Әлди-әлди ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем. Ұйықта бөпем жата ғой, Тәтті ұйқыға бата ғой. Құрығыңды майырып, Түнде жылқы қайырып, Жаудан жылқы айырып, Жігіт болар ма екенсің? Басыңа қалпақ киісіп, Ақырып жауға тиісіп, Батыр болар ма екенсің?…

31.08.2024 👁 674
Аймақ

Абай Құнанбайұлы

Егерде мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі – қазақтың әулиесі сол. Бірақ Құдай Тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады. Әуелі – бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп,…

31.08.2024 👁 392
Қоғам

Сәкен Сейфуллин

Шырқ айналар шіркін тауық, Жемің болса қолыңда. Қайдағысы сені тауып, Топырлайды жолыңда. Досыңмын деп ант береді, Жем іздеген жанама. Жемің бітсе жалт береді, Сенерлік дос санама.

31.08.2024 👁 587
Қоғам

Қуаныш Қолхаев-Бақытты адам сол

Өмірдегі ең бақытты адам сол: Кім есіне Жаратқанды жиі алса, Күнә түгіл күмәнді істен ұялса, Раббысы үшін өз нәпсісін тыя алса. Өмірдегі әділетті адам сол: Хақтан басқа күшке тізе бүкпесе, Оттан, тастан, судан көмек күтпесе, Жайнамазда бойын күнде тіктесе. Өмірдегі ең ардақты адам сол: Раббысына амалымен ұнаса, Керегін тек бір…

31.08.2024 👁 653
Қоғам

Жарға тілек

Жан едің өзгелерден асып туған, қандай күш құдіретіңе ғашық қылған?! Сен менің тірлігімнің шырағысың, сәулесін төңірегіне шашып тұрған. Сен менің қанатымның біреуісің, құт қонған шаңырағымның тіреуісің. Мен сені күн іздеймін, түн іздеймін, іздеудің не екенін білемісің? Сен болсаң әсем әннің қайырмасы, мені сендей сүйеді қай ұрғашы?! Бес күндік мына жарық…

31.08.2024 👁 409
Қоғам

Қожанасыр

Қожанасыр бала кезінде ат мінуге өлердей құштар екен. Бірақ, ол атқа қай жағынан мінетіндігін, үзеңгіге алдымен қайсы аяғын саларын да білмей, дағдарып тұрғанын көрген достарының біреуі: – О-һо, Қожеке, атқа қалай мінуді үйретіп қояйын ба? – депті. Қожанасыр намыстанып, өз білгені бойынша атқа секіріп мінген екен теріс мініп алыпты. –…

31.08.2024 👁 535
Қоғам

Тұманбай Молдағалиев

Туған ағам болған жоқ тура айтатын, Мектеп жақтан екеу боп бір қайтатын. Тұрмас па едім бір сөзін екі айтқызбай, Тұрмас па едім ол келсе, байлап атын. Маған тағдыр бермепті ондай бақыт, Сондықтан да көп сөндім, жанбай жатып. Өзімді-өзім аға ғып омырауладым, Сөзге құлақ бермей бір, құдай атып. Той бағасын айтылған…

31.08.2024 👁 563
Қоғам

Ұлыма тілек

Ағайын, туған жақыннан ақылдымын деп ойлама, Бір іске кірсең батылдан, бұға беруді қой, бала. Өзіңнің туған күніңді айналып жылда келетін Біте қайнасып, бірге өскен достарыңсыз тойлама. Ірімін деме ешкімнен, бірімін дегін бұл көптің, Біткенін ойла әрқашан өзіңе алған міндеттің. Бақыт тұр биік терек боп, немесе аппақ қайың боп, Қасынан, балам,…

31.08.2024 👁 243
Қоғам

Тұманбай Молдағалиев-Не жетеді?

Сыйласуға жақсылар жаралған ба?! Сағынарлық қасиет бар адамда! Сүйгеніңнің көзіне жалтақтамай, Не жетеді үздігіп қарағанға! Бәрін айтып ғашықтар үлгерген бе! Иіледі ізетпен гүлдер гүлге. Не жетеді жарыла қуанғанға! Не жетеді жарқылдап бір күлгенге! Ғашық жүрек соғудан жаңылған ба! Не жетеді күткенге, сағынғанға! Не жетеді ең қиын кездерде де Сүйгеніңнің жанынан…

31.08.2024 👁 608
Қоғам

Наурыз

Келдің бе, Наурызым, аңсаттырған, Жамырап жапырақтар, ән сап қырдан. Келдің бе, жанарыңнан Жыр жаудырып, Жұлдыздар төксін нұрын, самсап тұрған! Наурызды қастерлейміз Жыл басы деп, Түлетер сай-саланы, жылғасы көп. Халқыма наурыздың айтары мол, Күйіне көңіл қойып, Тыңдатшы тек! Қалғанбыз, көп замандар көзді жазып, Бастасын өмірлі әнін, Енді нәзік! Құстардың бәрі-дағы шетке…

31.08.2024 👁 359
Қоғам

Серік Тұрғынбеков

Біз асқан асу, тау-құз көп, Мерт қылып махаббатымды… Жетпіс жыл бойы «Наурыз» деп Айтқызбай қойды атыңды. Жетпіс жыл жуып жанарды Кеудемде қайғым қамалып. «Наурызбай» десем, баламды, Соңыма түсті шам алып. Шаба алмай жүйткіп-көсіліп, Өзімнен өзім түңілдім. Наурыздың атын өшіріп, Миыма «март» деп сіңірдім. Сұрқия шошыр сұрынан, Қанымды қыз-қыз қайнаттым. Өзінің…

31.08.2024 👁 361
Ресми серіктестік

БІЗДІҢ СЕРІКТЕСТЕР

Freedom Ertenmedia.kz
SAMRUK-KAZYNA
QAZYR MEDIA