Айнұр Төлеу
Сіңілім, қалың қалай? Жүрмісің әпкеңді еш уайымдамай? Жан төзгісіз мұңымды тұншықтырып, Мен де жүрмін байқатпай жайымды оңай… Ал, сенің қалың қалай? Атанам деп ары бар, Текті келін. Мінезімді тым асау тепкіледім. Жаулығымды бір сәтте суландырып, Кірпік қақпай, күлкімен кептіремін. Бақыттың жоғы қандай, бары қайсы? Сен мені қазір көрсең, танымайсың? Адамдаймын…