Qazyr.kz порталы
АймақАуыл шаруашылығыЖаңалықтарҚазір

Испания үкіметі Қазақстанның батысындағы «Көкжиде» жерасты су орнын зерттеуге грант бөледі

Президент тапсырмасына сәйкес, Ақтөбе облысындағы «Көкжиде» жерасты су көзінен Қазақстанның батыс аймақтарын ауыз сумен қамтамасыз ету жобасы әзірленуде деп хабарлайды Qazyr.kz

Қазіргі таңда зерттеу жұмыстары басталып кетті. Су ресурстары және ирригация министрлігі испандық Xcalibur Smart Mapping компаниясымен бірлесіп аэромагниттік түсірілім жүргізуде. Жоба Испания Корольдігінің гранты есебінен қаржыландырылуда. Бұл кен орнынан тәулігіне 173,4 мың м³ таза су алуға болады.

Сонымен қатар, жерасты суларына мұнай өндірудің әсерін зерттеуге 250 млн теңге бөлінді. Зерттеу жұмыстары Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ базасында 2025 жылдың желтоқсанында аяқталады.

«Батыс өңірлерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі министрліктің ерекше бақылауында. Алайда жобаны сапалы жүзеге асыру үшін «Көкжиде» кен орнында кешенді зерттеу жүргізіп, судың ластану қаупін жойып, жергілікті экожүйеге кері әсерінің алдын алу қажет. Қазіргі таңда бұл — басым бағыт», — деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Бұл бастама – өңірдің экологиялық қауіпсіздігін сақтай отырып, халықты сапалы сумен қамтамасыз етудің маңызды қадамы!

 

Ұқсас жаңалықтар

Астанада өтетін CONNECTED-2024 конференциясына 20-дан астам елден 1500 делегат қатысады

redaktor_qazyr

2025 жылы Қазақстанда 190 индустриалдық жоба іске қосылады

admin_qazyr

Түркістан облысының полицейлері мал ұрлығына күдікті екі тұрғынды ұстады

redaktor_qazyr

Пікір жазу

Qazyr.kz